Вернуться к списку статей

“Қайрат” шығады, “Ордабасы” – әй қайдам, “Ақтөбе” – түсінікті...

Футбол
1K
Ертең еліміздің үш командасы Еуропа лигасының бірінші електік сатысындағы қарымта матчтарын өткізеді.

Біздің Еурокубоктар бәйгесіне қатсатын болжамшы мамандарымыз ертеңгі ойындарға өз болжамдарын білдірді. Бәрі де «Қайраттың» келесі кезеңге шығатындығына күмән келтірмейді.

Ал «Ордабасы» командасының жеңетіндеріне сенетіндер баршылық. Бірақ бір ғана болжамшымыз оңтүстікқазақстандықтар ертең «Чукарички» қақпасына “үш гол соғады” деп үміттенеді.

Сондай-ақ болжамшыларымыз «Ақтөбенің» биылғы маусымдағы Еуропа лигасын Венгрияның Дьёр қаласында тәмамдайтындығына шүбә келтіре алмайды.

Өкінішке қарай, біз бір болжамшымызды ауыстыруға мәжбүр болдық. Футбол алаңындағы 11 ойыншыны да әр түрлі жағдайларға байланысты ауыстырып отырады ғой. Біз де он бір болжамшымыздың біреуін ауыстырып отырмыз. Ертеңгі ойындардан бастап, футбол жанкүйері Жарқын Түсіпбекұлын спорт шолушысы Әнуар Әбдірахманов ауыстырады.

Сонымен, іске сәт! Болжамшыларымызға сәттілік, үш клубымызға жеңіс тілейміз. Алда әлі сынақ көп. Бәрінің де (болжамшыларымыздың да, клубтарымыздың да) Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуларына тілектеспіз.



Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика