Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Жартылай финалдың соңғы жолдамасы кімге бұйырады?

Футбол
1K
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі
«Болжам-бәйге» бәсекесінде Франция – Исландия кездесуіне журналистерден Еркін Шәкір және Еламан Қоңыр болжам жасайды.

Бүгін Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығатын соңғы команда анықталады. Сен-Дени қаласының «Стад-де-Франс» стадионында жасыл алаңға Франция және Исландия құрамалары шығады. Мұның алдында Англияны ұтқан исландықтар бұл жолы да сенсация жасар ма екен? Еркін Шәкір мен Еламан Қоңырдың пікірлері қандай?

Еркін Шәкір («Қазақстан» ұлттық арнасы)


Франция – Исландия 3-1

Өте қызық матчтың куәсі боламыз-ау. Екі гол айырмашылығын дода қожайындары жеңіске жетеді деп ойлаймын. Қорыта айтқанда менің болжамым мынадай:

Матч негізгі уақытта аяқталады. Пенальти болмайды. Бірінші таймда 2:0 есебі тіркеледі. Француздар тарапынан Пайе, Жиру және Гризманн гол соғуы мүмкін. Ал исландиялықтар сапында Бьярноссон, Сигурдсон, Согторссон сынды жігіттерден гол күтемін. Исландия қақпашысы ескерту қағаз алады, бірақ алаңнан қуылмайды-ау. Жалпы исландиялықтар сапынан бір ойыншы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылуы әбден мүмкін. Матч негізгі уақытта аяқталады Екі жақтан Француздар 1 ескерту, Исландия 3 ескерту

Еламан Қоңыр («Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі)


Франция – Исландия 2:1

Шыны керек, Исландия қатысатын ойынға болжам жасау дәл қазір аса бір қиын шаруаға айналды. Тіпті, букмекерлік кеңселердің өздері де қандай коэффициент берерін білмей дал. Сондықтан бұл матчқа сәуегейлік жасаған кезде өткен-кеткенді сараптағаннан гөрі, жанкүйерлік түйсікке ерік бергенді жөн санадым. Мендік түйсік бұл жолы алаң иелерінің асығы алшысынан түсетінінен хабар береді.

Ал Исландияның тәтті ертегісі осы жерден аяқталатын шығар. Әйтсе де, оларға ешкімнің өкпе-реніші болмайтыны анық. Себебі, доп тебетін қара жерінен гөрі тоң болып жатқан мұзы көп елден келген команда ширек финалға жетуімен-ақ миллиондардың жүрегін жаулап үлгерді. Биылғы ЕУРО-ның басты жаңалығы да осы Исландия болды. Сондықтан «кәрі құрлықтың» доп додасына тұңғыш рет қатысып, топ жармаса да төрден орын алған бұл құрама дәл қазір қандай құрметке де лайық.

P.S. 1/8 финалдағы Англия – Исландия матчына болжам жасағанымда 2:1 есебін тіркеп, ағылшындардың жеңісіне сенім артқан едім. Нәтижесінде дәл сондай есеппен Исландия басым түсті. Әлсіз саналған командаға бүйрегім бұратын әдетіммен оған қуанбасам, өкінген жоқпын. Бұл жолы да Францияға басымдық бергеніммен, Исландияның жеңіп кетуіне қарсы емеспін.

Франция – Исландия

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Еркін Шәкір

3:1

Х

Х

2:0

Пайе, Жиру, Гризманн – Бьярноссон, Сигурдсон, Сигторссон

Х

0-1

1-3

Еламан Қоңыр

2:1

Х

Х

0:0

Пайе, Жиру, Гризманн – Гудмундссон, Сигторссон, Гуннарссон

Х

Х

2:3

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика