Польша мен Португалия арасындағы кездесудің негізгі уақытын 1:1 есебімен тең аяқтап, экстра-таймда бір-бірін ала алмаған футболшылар матч соңындағы пенальти сериясының көмегіне жүгінді. Ал бұл кезеңде сәттілік пиренейліктер жағында болған еді. Осылайша Роналду бастаған жігіттер осы чемпионатта ешкімді жеңбей-ақ жартылай финалға шығып отыр.
«Болжам-бәйге» бәсекесінде бұл кездесуге «аламандық» қос журналист Руслан Меделбек пен Рауан Оқас пайымдарын жасаған болатын. Біріншісі Криштиану Роналду командасына үміт артса, екіншісі Роберт Левандовски және оның әріптестеріне сенімді болды.
Осылайша, жартылай финалға Португалия құрамасымен бірге Руслан Меделбек шығып отыр.
«Болжам-бәйге» бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Польша – Португалия 1:1 (3:5) | ||||||||
Болжамшылар | Ойын есебі | Экстра-тайм | Пенальти сериясы | 1-тайм | Гол авторлары | Матчтағы пенальти | Қызыл қағаз | Сары қағаз |
Руслан Меделбек | 0:2 | Х | Х | 0:0 | Роналду, Куарежма, Нани | 0-1 | Х | 2-2 |
Рауан Оқас | 1:0 | Х | Х | 0:0 | Левандовски, Роналду, Куарежма | 1-0 | Х | 2:2 |