Вернуться к списку статей

Ширек финал жұптары түзілді

Футбол
2K
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі,
«Болжам-бәйге» бәсекесінде 24 қатысушының ішінде іріктеліп, сегізі ғана қалды.

«Еуро-2016» додасында ширек финалға Польша, Португалия, Уэльс, Бельгия, Германия, Италия, Франция және Исландия құрамалары жолдама алса, журналистер «Болжам-бәйгесінде» Руслан Меделбек, Рауан Оқас, Ардақ Тоғымов, Ермұхамед Мәулен, Ришад Тұрғанбаев, Асқар Ағатаев, Еркін Шәкір және Еламан Қоңыр 1/4-кезеңге шықты.

Айта кетейік, сегіздіктің қатарынан көрінгендердің үшеуі топтық кезеңде «Е» тобын құраған. Үшеуі өз топтарынан 3-орынмен іркіліп өткен. Үшеуі топтық кезеңде 2-орыннан көрінгендер. Ширек финалға шыққандардың екеуі ғана өз топтарында үздік атанғандар екен.

Енді бұл журналистер жартылай финалға жолдама алу үшін тағы бір-бір ойынға болжам жасап шығады. Кімнің кіммен жұп құрайтыны да белгілі. 30 маусым күні өтетін Польша – Португалия кездесуінде бізді «аламандық» дерби Руслан Меделбек пен Рауан Оқастың бәсекесі күтеді. 1 шілде күнгі Уэльс – Бельгия матчына Ардақ Тоғымов пен Ермұхамед Мәулен болжам жасайды. «Ең тартысты матч» деп жарнамаланып жатқан Германия – Италия текетіресі қос аймақтың алпауыттары ақтаулық Асқар Ағатаев пен жетісулық Ришад Тұрғанбаевқа бұйырыпты. Ал дода қожайындары Франция мен басты сенсация иесі Исландияның арасындағы тартысқа өз пайымдарын Еркін Шәкір мен Еламан Қоңыр жасайтын болады.

«Болжам-бәйге» бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.



Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика