«Ақтау спорт» сайтының редакторы «Скуадра Адзурраның» жеңісіне сенімді болған. 1:0 есебімен бәс тігіпті. Ал «хабарлық» журналист «Қызыл фурия» үшінші чемпиондығына тағы бір қадам жақындайды деп, 2:0 есебімен «пиренейліктердің» жеңісіне сенім білдірген болатын. Иә, ойында 2:0 есебі тіркелді, бірақ Италияның пайдасына.
Осылайша матч қорытындысын тура тапқан Асқар Ағатаев ширек финалға жолдама алды. Оның келесі қарсыласы – талдықорғандық Ришад Тұрғанбаев. Екеуі Еуропа чемпионатының тағы бір классикасы – Германия – Италия матчына болжам жасайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйге» бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Италия – Испания 2:0 | ||||||||
Болжамшылар | Ойын есебі | Экстра-тайм | Пенальти сериясы | 1-тайм | Гол авторлары | Матчтағы пенальти | Қызыл қағаз | Сары қағаз |
Асқар Ағатаев | 1:0 | Х | Х | 0:0 | Пелле, Де Росси, Эль-Шарави | Х | Х | 2-2 |
Жандос Айтбай | 0:2 | Х | Х | 0:1 | Мората, Иньеста, Рамос | 0-1 | Х | 2-3 |