Күтпеген нәтижелер көп тіркелді. Әу баста фавориттер қатарында болған Амангелді Сейітхан 5 ұпай жинап, топтан қалып қойса, бас жүлдеден басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылған Сәкен Сыбанбай соңғы турда опық жеп, 4 ұпаймен топтық кезеңнің соңғы сатысында қалып қойды. Сол сияқты, Есей Жеңісұлы мен Төлеубек Қадырмолла да өз топтарынан шыға алмады. Ал ең көп ұпай жинаған қатысушылар арасындағы жалғыз ару Роза Әрен мен Руслан Меделбек. Тағы бір қызық, шымкенттік журналист Ғабит Сапарбек алты кездесудің біреуінен де бір ұпай ала алған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.
«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады. Ал плей-офф кезеңінің ережесі мына жерде.
Топтық кезеңнің толық қорытындысын мына кестелерден көре аласыздар:
Ескерту:
Еркін Шәкір мен Ришад Тұрғанбаевтың көрсеткіштері бірдей болса да, «Қазақстан» телеарнасының журналисі жоғары тұр. Себебі екеуі де 2:1 есебімен аяқталған ойынды «1:0 болады» деп екі ұпайдан еншіледі.
Енді бір ұпайды Еркін 1:0 есебімен тәмамдалған матчты «2:0 болып аяқталады» деп болжаған. Ал Ришад 3:0 есебімен тіркелген кездесуді «1:0 болуы керек» деп топшалаған.
Бұл жерде «Total» қағидасы ескеріліп, Еркін «Жетісу» газетінің журналисінен бір саты жоғары орналастырылды. Ал үш ұпайы бар Арсен Ғұбашев екеуінен де төмен орналасты. Себебі ол доп айырмасын да шеше алмады.