Көпшілік ең қиын топ деп айдар таққан бұл топта маэстро Сәкен Сыбанбайдан бастап, букмекерлік ойындардың «жілігін шағып, майын ішкен» Ермұхамед Мәулен, бүгінгі жайтты бес күн бұрын болжайтын Рауан Оқас және айтқаны дөп келетін ақтаулық Асқар Ағатаев бақ сынаған. Екінші турдан кейін ақтаулық журналист бірінші орында тұрған болса, екінші орында «Алматы ақшамының» алпауыты тұрған еді. Ал спорт коммантаторы мен Универсиада өкілі 3-4-орындарды қорытындылап тұрған.
Соңғы тур турнир кестесін қопарып жіберді. Иә, Асқар Ағатаев алға озып, бірінші орынға мықтап жайғасты. Дегенмен, Италияға сенген Сәкен Сыбанбай соңғы орынға бір-ақ түсіп, «бәйгеден» ұшып кетті. Ал плей-офф кезеңіне Ағатаевпен бірге Ермұхамед Мәулен және Рауан Оқас жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.
«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойыншатанысуға болады.