Кеше Түркия құрамасы Хорватиядан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз допты Лука Модрич соқты. Кездесудің нәтижесін дәл тапқан Ермек Төрениязов еншісіне үш ұай жазса, Жандос Айтбай мен Арсен Ғұбашев кездесудің қорытындысын тура болжап, қоржындарына бір-бір ұпайдан салды. Ал Уәлихан Қосанбайдың болжамы қате шықты.
Испания – Чехия кездесуінің дәл нәтижесін ешкім тапқан жоқ. Алайда Жандос Айтбай доп айырмашылығын дәл тапқанының арқасында екі ұпайға қол жеткізсе, Уәлихан Қосанбай мен Арсен Ғұбашев бір-бір баллдан бөлісті. Ермек Төрениязов бұл жолы қателесті.
Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.
«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.