Вернуться к списку статей

Нұржан Туғанбай – Оңтүстік дербиінде “Тараз” үстем түседі

Футбол
1K
Ертең Қазақстан премьер-лигасында ХІ-турдың ойындары басталады. Бұл турда болжам жасау кезегі Тараздағы спорт журналисі Нұржан Туғанбай ұсынылады.

«Шахтер» – «Ақтөбе» – 0:1

«Шахтердің» шабуыл шебі аса жақсы емес. Самат Смақов бастаған «Ақтөбенің» қорғанысын бұзып өте алмайды деп ойлаймын. Және қонақтар бір доп айырмасымен ұтады.

«Тараз» – «Ордабасы» – 2:1

Бұл – оңтүістік дербиі! Екі команданың өзара кездесуі атам заманнан тартысқа толы. Бұл жолы да жанкүйер жалықпайтын матч болатынына сенемін. Бірақ биыл «Тараздың» ойыны нашар. Адуынды екпін жоқ. «Ордабасы» үлкен әріппен бүтін бір команда. Әр турда гол соғады. Дегенмен, маған «Тараз» осы жолы жеңетін сияқты көрінеді.

«Оқжетпес» – Тобыл» – 2:0

Мұнда сөз – қысқа. Өз алаңында «Таразды» әзер жеңген «Тобыл» сырт алаңда «Оқжетпеске» гол соға алмайды. Көкшеліктер кемі екі доп айырмасымен жеңіске жетеді.

«Ақжайық» – «Жетісу» – 2:0

Чемпионатта ең аз гол соққан және қақпасынан көп доп алып шыққан қос ұжымның кездесуі тартысты өтеді дегенге сену қиын. Өткен турда өз алаңында күйрей жеңіліске ұшыраған «жетісулықтар», меніңше, батыста есін жиюы екіталай. «Ақжайық» жанкүйерлерін қуантады.

«Атырау» – «Астана» – 1:2

Мен үшін кейінгі алтылықта келе жатқан командалардың ең қауқарлысы – «Атырау». Алдағы турлары өз ұпайларын жинай бастайды. Тіпті бірінші кезеңнен кейін алғашқы алтылықтан көруіміз мүмкін. Бірақ бұл матчта «Астана» жеңеді.

«Қайрат» – «Ертіс» – 2:0

Чемпионат басталғалы жеңілістің кермек дәмін татпаған, алаңнан гол соқпай қайтпаған «Ертіс» осы 11-турда Алматыда ұпайдан құр қалады. Және гол соғуы екіталай. «Қайратқа» қамданбасқа болмайды. Кемі жүлдеге ілінуді мақсат тұтса, бұл ойында ұтуы тиіс. Андрей Аршавин мен Жерар Гоу Давид Лорияның қақпасынан саңылау табады деп ойлаймын.


Ал өткен жолы ел чемпионатының Х-турына елімізге танымал спорт сарапшысы Сәкен Сыбанбай болжам жасап, алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 6 ұпай жазды. Әрі екінші орынға орналасты.

Сәкен Сыбанбайдың Х-турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Х-тур ойындары

С.Сыбанбай болжамы

Ұпайы

Ордабасы – Шахтер – 2:0

Ордабасы – Шахтер – 2:1

1

Ертіс – Тараз – 2:1

Ертіс – Тараз – 3:1

1

Ақтөбе – Атырау – 1:0

Ақтөбе – Атырау – 1:0

3

Астана – Ақжайық – 2:0

Астана – Ақжайық – 1:0

1

Тобыл – Қайрат – 1:2

Тобыл – Қайрат – 1:1

0

Жетісу – Оқжетпес – 1:4

Жетісу – Оқжетпес – 0:0

0

«Болжам-бұрыш» бәйгесінің рейтінгісі

орын

журналист

ұпай

тур

1

Ермұхамед Мәулен

11

2

Сәкен Сыбанбай

6

Х

3

Рауан Оқасов

5

ІХ

4

Ермек Төрениязов

4

VІІІ

5

Ғабит Сапарбаев

3

VІІ

5

Төлеубек Әділбекұлы

3

V

7

Есей Жеңісұлы

1

ІV

Ескерту: "Болжам-бұрыш" айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика