Вернуться к списку статей

Биылға ештеңе жоқ. Станислав Черчесов шәкірттері тағы жеңілді

Футбол
4K
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының кезекті турында Алматыда Аустриядан 0:2 есебімен жеңілді.

Бірақ Станислав Черчесовтің әзірге кететін ойы жоқ. Қазақстан бес матч қатарынан бірде-бір гол соқпады.
Енді ойынға тоқталсақ, бұл кездесуге жарақатына байланысты Марат Быстров, сары қағаздың көптігіне орай Нұралы Әліп пен Ислам Чесноков кездесуге қатыса алмайтыны белгілі болды. 

Бас бапкер Станислав Черчесов алғашқы минуттан қақпада Стас Покатиловқа сенім білдірді. Ал қорғаныста Ян Вороговский, Александр Марочкин, Әлібек Қасым, Сұлтанбек Астанов ойнаса, жартылай қорғаныста Аслан Дарабаев, Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Бактиер Зайнутдиновке сенім артылды. Ал Абат Айымбетов пен Максим Самородов шабуыл шебінде бой көрсетті.

Біздің жігіттердің шамасы небәрі 15-минутқа жетті. Одан кейін Аустрияны тоқтату мүмкін болмады. Алдымен Кристоф Баумгартнер есеп ашса, 25-минутта Александр Марочкин айып алаңына жақын маңа ереже бұзып қызыл қағаз алды да, алаңнан қуылды. Бұл нүктеден айып добын орындаған Михаэль Грегорич мүлт кеткен жоқ.
Осы есеп екінші таймда да өзгерген жоқ. Оны өзгертуге Қазақстан футболшыларының мүмкіндігі де болмады.

Сөйтіп B лигасының үшінші тобында бес ойын өткізген Черчесов шәкірттері небәрі бір ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы сатысына нық жайғасты. Осы бес матчта өз қақпасына 10 доп жіберіп, бірде-бір гол соға алмады. Соңғы ойынды Қазақстан 17 қарашада сырт алаңда Норвегияға қарсы өткізеді.
 
Бас бапкер Станислав Черчесов матчтан кейін шәкірттерінің ойынына көңілі толатынын айтты.
«Бірінші тайм көңілімнен шықпады. Біз тым қонақжай көріндік, бірінші голды сыйлай салдық. Сосын біз ақылдаса келе, қорғаныста қателік жібермеу керек деген ұйғарымға келдік. Өйткені, олар шабуылға тез шығып кетеді екен. Бірақ, қорғаныста өрескел қателік жіберіп, «қызыл қағаз» алдық та, екінші голды жіберіп алдық.
Осыдан кейін біз өзгердік, қайта гол жібермедік.Ұлттар лигасының ойындары команданың қалыпқа келуі үшін маңызды, алда әлем чемпионатына іріктеу бар, сол үшін бұл матчтар қажет. Ал, команданың бүгінге дейін өткізген ойындарына көңілім толады», - деді Черчесов Аустриямен болған матчтан кейін.

Қазақстан – Аустрия – 0:2
Голдар: Кристоф Баумгартнер 15, Михаэль Грегорич 25
Ескерту: Ян Вороговский 90+1
Алаңнан қуылды: Александр Марочкин 23
Қазақстан: Стас Покатилов (Қ),  Ян Вороговский, Александр Марочкин, ​Әлібек Қасым, Сұлтанбек Астанов – Аслан Дарабаев (Еркін Тапалов, 57), Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (Әділбек Жұмаханов, 25), Бактиер Зайнутдинов (Жан Али Пайруз, 68) – Абат Айымбетов (Рамазан Кәрімов, 46), Максим Самородов (Ғалымжан Кенжебек, 68);
Резерв: Игорь Шацкий (Қ), Темірлан Анарбеков (Қ) – Роман Асранкулов, Асхат Балтабеков, Ұлар Жақсыбаев – Эльхан Астанов – Айбар Жақсылыков;
Аустрия: Александр Шлагер (Қ),  Кевин Дансо, Стефан Пош (Филипп Мвене, 64), Филипп Лиенхарт, Александр Прасс,  Конрад Лаймер, Николас Зайвальд (Матиас Зайдль, 64), Кристоф Баумгартнер (Джуниор Адаму, 72) – Патрик Виммер (Кевин Штогер, 72), Романо Шмид (Андреас Вайман, 77), ​Михаэль Грегорич;
Резерв: Никлас Хедль (Қ), Патрик Пентц (Қ),  Максимилиан Вёбер,  Марсель Забитцер, Михаэль Свобода,  Марко Арнаутович;
Рефери: Мариан Барбу;
Яндекс.Метрика