Қазақстан кубогының ширек финалы аяқталды. Сегіз команда өзара кездесіп, жартылай финалға шығатын төрт мықтыны анықтады.
«Тобфл» (Қостанай) – «Астана» (Астана) – 1:0
Гол: Чесноков, 20 (1:0).
«Астана» көп жағдайда кубоктан ертерек шығып, чемпионат пен еврокубокқа дайындалғанды тәуір көреді. Бұл жолы «Тобылмен» матчқа көбінесе резервтегі футболшыларын шығарды. «Тобыл» бұл мүмкіндікті жақсы пайдаланды. Сөйтіп, бірінші таймда-ақ Игор Ивановичтың сол қапталдан асырған пасын ұлттық құраманың ойыншысы Ислам Чесноков голға айналдырды. Бұл Ислам үшін осы маусымдағы алғашқы гол.
Матч соңына дейін таблодағы осы көрсеткіш өзгермеді. «Астана» кубок жолындағы таласты тоқтатты.
«Атырау» (Атырау) – «Қайрат» (Алматы) – 3:1
Голдар: Стасевич, 10 (1:0). Керімжанов, 13 (2:0). Новак, 44 (3:0). Арад, 70 (3:1).
Пенальти сала алмады: Жоао Пауло, 18.
Алаңнан қуылды: Жұмаханов 17.
«Атырау» Алматының «Қайрат» клубынан кеткен есесін кубокта қайтарды. Бұған дейін премьер-лиганың 7-турында қос команда өзара кездесіп, «Қайрат» жеңген болатын.
Алаң иелері екі бірдей жылдам гол салды. Алдымен, беларусь футболының ардагері Игорь Стасевич мергендік танытса, Олжас Керімжанов есепті 2:0-ге жеткізді. Сосын ойынның 17-минутында Әділбек Жұмаханов алаңнан қуылып, «Атырауды» қиын жағдайға қалдырған. Бірақ Жоао Пауло пенальтиден мүлт кетті. Есесіне, үзіліске дейін «Атырау» үшінші голына көрімдік сұрады.
«Қайрат» тек екінші бір доп айырмасын қысқартты. Одан әріге шамалары жетпеді. Сөйтіп, 10 футболшымен қалған «Атыраудан» ұтылды. «Мұнайшылар» енді жартылай финалда «Тобылмен» кездеседі.
«Елімай» (Семей) – «Қызылжар» (Петропавл) – 1:0
Гол: Корзун, 88 (1:0).
Семей жанкүйерлері футболды сағынып қалған. Чемпионат, кубок болсын стадион толып отырады. «Қызылжармен» матчта да бос орын болмады.
Ал ойынға келсек, екі команда да оңайшылықпен жеңілгісі келмеді. Мұндай кездесуде көбінесе бір гол ғана ойын тағдырын шешіп жатады. Осы жолы да солай болды. Матчтың 88-минутында Никита Корзун 20 метрдей қашықтықтан әдемі гол соғып, ойын нүктесін қойды. Осылайша, «Елімай» дәл осы атаумен сонау 2003 жылы жартылай финалда ойнаған еді.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 1:2
Голдар: Макаренко, 91 (1:0). Ромеро, 105+3 (1:1). Жан Жайро, 117 (1:2).
Алаңнан қуылды: Әбікен, 103 («Ордабасы»).
Ал Шымкенттегі «Ордабасы» – «Ақтөбе» матчы драмаға толы болды. Ойынның негізі уақытында есеп ашылмады. Экстра-таймда алаң иелері сапынан Евгений Макаренко алыстан гол соққан. Бірақ, «Ордабасының» қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Допингке байланысты 2 жыл футболдан қол үзіп қалған Айбол Әбікен алғашқы матчында қызыл қағаз алып командасын қиын жағдайға қалдырды. Осыдан кейін қонақтар екі гол соқты.
Матч кезінде «Ордабасы» фанаттары байкот жариялап, стадионнан шығып кетті. Өйткені екі бұрын клуб президенті Бауыржан Әбдубаитов қызметінен кеткен болатын. Жанкүйерлер клуб тарихындағы ең титулды басшының кеткеніне қарсы. Олар Бауыржан Тойшыбекұлы лауазымынан өз еркімен кеткен жоқ деп есептейді.
Стадионда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбекке назын айтып, айқайлағандар көп болды. С.Құранбек – «Ордабасы» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы.
Үзілісте Бауыржан Әбдубаитовтың өзі жанкүйерлер алдына шықты. Ол жанкүйерлерден сабыр сақтауды өтінді.
Бұған дейін «Ордабасы» клубының президенті қызметінен кеткенін жазғанбыз. Клубтың ресми хабарлмасында оның денсаулығына байланысты орнын босатқаны айтылған.
Ол Шымкент командасының басшылығына 2022 жылдың басында келген. Екі жылдың ішінде клубты Қазақстан кубогы мен Қазақстан чемпиондығына жеткізді.
Жартылай финал ойындарының кестесі:
29 мамыр
18:00 «Тобыл» - «Атырау»
20:00 «Ақтөбе» - «Елімай»
19 маусым
20:00 «Атырау» - «Тобыл»
20:00 «Елімай» - «Ақтөбе»