Вернуться к списку статей

Андрей Карпович «Ақтөбе» мен «Ордабасы» матчы туралы айтты

Футбол
195

«Ақтөбе» клубының бапкері Андрей Карпович Шымкенттің «Ордабасы» клубымен өтетін матч туралы және басшылықтағы өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Sportsarena.kz.

«Жалпы алғанда ешқандай мәселе жоқ. Әдеттегідей дайындалып жатырмыз. Әрине, өте қызықты кездесу өтенін түсінеміз. Жанкүйерлерді қуантқымыз келеді. Әркім өз жұмысымен айналысып жатыр. Ұлттық құрамалардың ойынына байланысты үзілістен кейін матчтар үнемі қызықты өтеді. Оның үстіне, қарсыласымыз көш басында келеді», -дейді Андрей Карпович.

«Ақтөбе» клубында кеше өзгерістер болған. Жыр болған Сергей Куленко қызметінен кетіп, орнына «Ақжайықтың» бұрынғы директоры, самбодан спорт шебері Азамат Шайқы келген. Андрей Карповичтан бұл өзгерістен үлкен үміт күтетін секілді. Өйткені оның да Куленкомен тіл табыса алмағаны жасырын емес.

«Бұл өзгерістің біздің пайдамызға шешіледі деп ойлаймын. Азамат Ерболұлы футболда жүрген адам. Тәжірибесі мол. Бірнеше жыл клуб басқарды. Қазақ футболының асханасынан хабардар. Оның кандидатурасы келісілді. Ал жұмысының бағасы маусым соңында беріледі ғой. Футболда жүрген адамның келуі бізге плюс. Мен өзім жеке таныспын. Бұл позицияға көңілім толады», - дейді бас бапкер.

«Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасындағы кездесу 16 қыркүйекте өтеді.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика