Вернуться к списку статей

Адиев Грекиямен ойында кімдерге сенім артатынын анықтады

Футбол
3K

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев наурызда өтетін Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясындағы Грекиямен матчқа шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады.

Нақты тізімге 26 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»)

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Александр Марочкин, Ян Вороговский (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»)

Бапкерлер штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекия – Қазақстан матчы наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Афинада өтеді.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика