«Тобыл» (Қостанай) – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:2
Голдар: Громыко, 51 (0:1). Чесноков, 76 (1:1). Норбеков, 90+2 (1:2).
Қостанайдың «Тобыл» клубының құрылтайшысы Әлімжан Қалдияр соңғы уақытты ҚФФ президенті Әділет Барменқұловпен «соғысып» жатыр. Дәл сол сәтте оның командасы ұтылыстан көз ашар емес. Бұл жолы өз алаңында Қызылорданың «Қайсар» командасынан жеңіліп қалды. Жалпы, «Қайсар» «Тобыл» үшін ыңғайсыз қарсылас. Бұған дейін де мұндай нәтижелер болған. Осы жолы Кумыков шәкірттері 2:1 есебімен басым түсті.
Ойынға келсек, беларуссиялық Руслан Юденков пен Валерий Громыконың дуэті екінші таймда есепті ашты. Оған 25 минуттан Ислам Чесноков тура соққымен жауап берген. Дегенмен, осы маусымда қосымша уақытта ең көп гол соққан «Қайсар» бұл жолы да сол жетістіктерін қайталады. Өзбекстандық легионер Норбеков қонақтарға үш ұпай сыйлады.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Жетісу» (Талдықорған) – 3:1
Голдар: Беседин, 21 (1:0). Үсенов, 26 (1:1). Макаренко, 32 (2:1). Яхшибоев, 35 (3:1).
Осы турдағы орталық матч саналғанымен, кездесудің тағдыры бірінші таймда-ақ шешіліп қойды. Шымкенттіктердің жеңіске жетуіне Бауыржан Исламханның керемет пасы, Асхат Тағыбергеннің қауіпті бұрыштамасы, дриблер Жасурбек Яхшибоевтың шеберлігі көмектесті. «Жетісу» сапынан Данияр Үсенов қақпашыны секіруге де мұрша бермей, гол соққанымен, ұпай әкеле алмады. Бұл Даниярдың осы маусымда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда салған екінші голы. Бұған дейін ол «Тұранның» қақпасын дәл көздеп, жеңіске үлес қосқан болатын.
Өкінішке қарай, қонақтар сапынан Әділхан Добай жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Футболшы жақында ұлттық құрамаға шақырту алған. Енді құрамадағы дебюттік ойынын бұл жолы өткізе алмайды.
Матч 3:1 есебімен аяқталды. Жақында клуб басшысын ауыстырған «Ордабасы» биыл да жоғары орындардан көрінуді көздейді.
«Қайрат» (Алматы) – «Шахтер» (Қарағанды) – 4:2
Голдар: Садыбеков, 22 (1:0). Юлдошев. 25 (2:0)ү Ашортия. 35 (2:1)ү Ашортия. 65 (2:2)ү Зария, 77-пенальтиден (3:2). Сантана, 81 (4:2).
Қазір Қазақстанға ресейлік бапкерлер көптеп келіп жатыр. Ұлттық құрама тізгінін Станислав Черчесов ұстады. Алматының «Қайраты» тағы бір жұмыссыз жүрген Александр Кержаковқа сенім артты. Оның алғашқы дебюттік матчы жеңіспен аяқталды. Алатау баурайында «Қайрат» Қарағандының «Шахтерін» қабылдаған.
Алғашында 2:0 есебімен ұтып жатқан «Қайрат» футболшылары аздап босаңдық танытты. Мұны қарсылас кешірмеді. Екінші таймның ортасында таразы басын теңестірген. Дегенмен, алаң иелері шеберліктері жоғары екенін көрсетіп, тағы екі гол соқты. Қорытынды есеп – 4:2.
«Қызылжар» (Петропавл) – «Елімай» (Семей) – 1:1
Голдар: Бушман, 63 (1:0). Нұрғалиев, 73 (1:1).
QFL премьер-лигада бірнеше матч бойы гол соға алмай жүрген «Қызылжар» Юрий Бушманның керемет айып соққысына қатты қуанды. Бірақ бұл алаң иелерінің жеңісі үшін жеткіліксіз болды. Себебі, 10 минуттан кейін дәл осындай айып соққысын Еркебұлан Нұрғалиев асқан шеберлікпен орындады. Матч барысында да қос команда жеңіс үшін аянып қалмады.
Бірақ Карпович пен Әлиев достығы секілді матч та тең аяқталды.
«Тұран» (Түркістан) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 0:1
Гол: Жан, 77 (0:1).
«Ақтөбе» сырт алаңда Түркістанның «Тұран» клубымен кездескен. Шымкенттегі ойында қонақтар тек 77-минутта жеңіске жетті. Матчта қосалқы құрамнан шыққан Жайро Жан бірінші шабуылында-ақ қанжығасын майлап, «Ақтөбеге» 3 ұпай әперді. Команда үзіліске бірінші орынмен кетті.
«Жеңіс» (Астана) –9 «Атырау» (Атырау) – 0:1
Гол: Стасевич, 57 (0:1).
Қарағандыда өткен кездесуде футболшылар жарқын ойын көрсетпесе де, бір-бірімен допқа таласта аянып қалмады. Тек екінші таймда 38 жастағы тәжірибелі футболшы Игорь Стасевичтің голы «Атырауға» сырт алаңдағы бірінші жеңісін әкелді. «Атырау» осылайша бірінші айналымда қос Астананың ұжымын да қапы қалдырып, турнир кестесінің алтыншы орнына көтерілді.
Қазіргі кезде «Ақтөбе» мен «Қайратта» 18 ұпайдан бар. Екі команда турнир кестесінде көш бастады.
Турнир кестесі

№ | Команда | О | Ж | Т | Ж | Д-а | Ұпай |
1 | «Ақтөбе» | 9 | 5 | 3 | 1 | 15-6 | 18 |
2 | «Қайрат» | 10 | 5 | 3 | 2 | 13-9 | 18 |
3 | «Ордабасы» | 9 | 4 | 4 | 1 | 14-6 | 16 |
4 | «Елімай» | 9 | 4 | 4 | 1 | 11-9 | 16 |
5 | «Жетісу» | 9 | 4 | 2 | 3 | 8-9 | 14 |
6 | «Атырау» | 9 | 3 | 4 | 2 | 7-5 | 13 |
7 | «Астана» | 9 | 3 | 3 | 3 | 10-7 | 12 |
8 | «Тобыл» | 9 | 3 | 3 | 3 | 11-9 | 12 |
9 | «Қайсар» | 9 | 3 | 3 | 3 | 7-10 | 12 |
10 | «Қызылжар» | 10 | 2 | 4 | 4 | 10-9 | 10 |
11 | «Тұран» | 9 | 2 | 1 | 6 | 5-10 | 7 |
12 | «Шахтер» | 9 | 2 | 1 | 6 | 5-15 | 7 |
13 | «Жеңіс» | 10 | 2 | 1 | 7 | 4-16 | 7 |