Вернуться к списку статей

Клубтарымыздың көбісі легионерлерін жаңартты

Футбол
1K
Фото fctobol.kz сайтынан
Тура екі аптадан кейін жаңа маусым басталады. Осыған орай, Қазақстан премьер-лигасындағы клубтар құрамдарын жасақтап болып та қалды.

Биыл Қазақстан премьер-лигасындағы клубтардың көбісі құрамындағы легионерлерін жаңартты. Ол негізінен бас бапкерлерінің ауысуына байланысты болып отыр. Сондай-ақ, бюджеттері өзгеріп, команда жасақтау саясатын өзгертуге мәжбүр болып отырған ұжымдар да бар.

2017 жылғы маусмының аяғымен салыстырғанда, биылға жаңа маусымда жеті клуб бас бапкерін ауыстырыпты. Яғни премьер-лигадағы клубтарымыздың жартысынна көбі жаттықтырушысын өзгертіп отыр. Тізгінді қолына алған жаңа маманның команданы негізінен өз көзқарасына, тактикасына, талабына, ыңғайына сай жасақтайтыны анық.

Біз бүгін transfermarkt.de сайтындағы және отандық басылымдардағы деректерге сүйене отырып, ҚПЛ сапындағы клубтардың жаңа ойыншылары мен легионерлерінің санына тоқтала кеткіміз келіп отыр. Бірден айтайық, бұл нақ мәлімет, нақты дәйек емес.

Нақты сан (мәлімет, дәйек) барлық клубтарымыз Кәсіпқой футбол лигасына ресми түрде тіркелген соң белгілі болады. Ал біз бүгін жобалап, Қазақ елі футболындағы ауыс-түйістерді атүсті шолып шығып, жалпы жағдайды көз алдымызға елестетуге тырысайық:

«Ақжайық» – 14 жаңа ойыншы, 8 легионер;

«Жетісу» – 14 жаңа ойыншы, 7 легионер;

«Ертіс» – 12 жаңа ойыншы, 7 легионер;

«Қызыл-Жар» – 11 жаңа ойыншы, 8 легионер;

«Тобыл» – 9 жаңа ойыншы, 8 легионер;

«Атырау» – 7 жаңа ойыншы, 7 легионер;

«Шахтер» – 6 жаңа ойыншы, 8 легионер;

«Қайсар» – 6 жаңа ойыншы, 7 легионер;

«Ордабасы» – 4 жаңа ойыншы, 7 легионер;

«Ақтөбе» – 4 жаңа ойыншы, 5 легионер;

«Астана» – 3 жаңа ойыншы, 8 легионер;

«Қайрат» – 2 жаңа ойыншы, 9 легионер.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика