Вернуться к списку статей

«Қызыл-Жар» тәжірибелі ойыншыларға сенім артады

Футбол
1K
Фото: vk.com/fc.kyzylzhar
«Қызыл-Жар» футбол клубы «отызда орда бұзар» тәжірибелі ойыншыларға сенім артатын секілді...

Тоғыз жылдан кейін Қазақстан премьер-лигасына оралған «Қызыл-Жар» футбол клубы тәжіибелі футболшыларға сенім артқанды жөн санайтындай. Бұлай дейтін себебіміз, маусым аралығында команда құрамына келген жаңа ойыншылардың орта жасы шамамен 30-дан да асып кетеді.

«Қызыл-Жар» клубының ресми сайты әзірше іске қосылмай тұр. Ал әлеуметтік желілердегі ресми парашқаларында ақпараттар толық емес. Отандық басылымдардағы және transfermarkt.de сайтындағы деректерге сүйенсек, бүгінге дейін СҚО клубы құрамын бірнеше футболшымен толықтырған.

Атап айтқанда, құрамын Гогита Гогуа (Грузия, 34-те), Шота Григалашвили (Грузия, 31-де), Фредди Коронель (Парагвай, сәуірдің аяғында 29-ға толады), Овие Мандэй (Нигерия, 25-те), Михаил Венков (Болгария, 34-те), Братислав Пуношевац (Сербия, 30-да) және Виталий Волков (Ресей, наурыздың аяғында 37-ге толады), Алексей Мулдаров (сәуірдің аяғында 34-ке толады) сынды футболшылармен нығайтты.

Сондай-ақ, Антон Цирин (30-да), Олжас Алтаев (28-де), Әлібек Аяғанов (26-да) секілді өз футболшыларымызды да құрамына алған. Бас бапкерін де ауыстырып, тізгінді Болгария маманы Никола Спасовқа ұстатқан болатын. «Қызыл-Жар» қазір Анталияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Елге 3 наурызда келулері керек.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика