«Уфа» ақыры, қазақ жанкүйерлері сарыла күткен қуанышты хабарды жариялады. Еркебұлан Сейдахмет ресми түрде Башқұртстан клубымен келісімшартқа отырыпты. Ресейлік клубтың басшылары «келіссөз барысында ешқандай туындаған жоқ, тек жас футболшы екі күн медициналық тексерістен» өтті депті.
Бірақ келісімшарт мерзімі ашып айтылмады. Еңбек келісімінің неше жылға созылатындығы жарияланбай отыр. Бұл ретте «Уфа» клубының бас директоры Шамиль Газизовтың сөздерін аударып бергеніміз дұрыс болар:
– Ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды, бірақ нақты қанша жылға екенін айтқым келмейді. Сонымен қатар, тағы да бір-екі мәселе ойлануды қажет етіп отыр. Сейдахметің жейдесіндегі нөмірі де әлі таңдалып алынған жоқ. Сондай-ақ жейдесінің артына басылатын тегінің де қалай жазылатындығы әлі нақты шешілген жоқ. Алдағы екі күнде бір шешімге тоқталамыз деп ойлаймын.
Жалпы, баланың әлеуеті жоғары, бірақ алдында үлкен адамгершіліктік сынақтар тұр. Ол соның бәрінен де сүрінбей өтеді деп үміттенемін, ал клуб оның жетіле түсуіне және ерен жетістіктерге қол жеткізуіне көмектеседі, ықпал ететін болады. Әрине, оның дарыны, қабілеті бар, бірақ ерінбей көп тер төгуі қажет.