Вернуться к списку статей

Қазақстан бозбалалары Грузия және Украина ұландарынан ұтылды

Футбол
1K
Дулат Батырханов – Қазақстан және Украина бозбалалары арасындағы ойында. Фото: abff.by
Минскідегі «Даму кубогына» қатысып жатқан еліміздің жасөспірімдер арасындағы құрамасы екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңілістің кермек дәмін татты.

14-ші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі турнирге 12 елдің жас таланттары қатысып жатыр. Олар үш топқа тең бөлінген:

«А» тобы: Беларусь, Финляндия, Бельгия, Литва;
«B» тобы: Словакия, Израиль, Ресей, Исландия;
«C» тобы: Украина, Грузия, Қазақстан, Молдова.

Дәстүрлі доданың бекітілген ережесі боынша, әуелі топтық ойындар өтеді (бір айналымдық жүйемен). Содан кейін әр топтың жеңімпаздары жүлделі орындарға таласады. Өз топтарында екінші орын алғандар 4-6, үшінші болғандар 7-9, ал төртінші орынға табан тірегендер 10-12 орындарды сарап салады.

Ерлан Махамбедиев жаттықтыратын 17 жасқа дейінгі аралық құрамамыз кешеден бері екі ойын өткізіп, екеуінде де ұтылып қалды. Кеше Грузия жеткіншектерімен додаға түсіп, шектен тыс ойында таразы басы екі жаққа кезек ауып отырды. Өкінішке қарай, Қазақстан U-17 құрамасы жеңісті де, тіпті тең есепті де уыстарынан шығарып алды.

Бүгін Украина ұландарымен ойнаған. Деңгейлері біршама жоғарылау екен. Дүйсенбіде Молдова бозбалаларын бұйым құрлы көрмеп еді, сейсенбіде Қазақстан қырандарын да сүріндірді. «С» тобында жеңімпаз атанса, таң қалмаймыз.

Ал Қазақстан U-17 құрамасы енді, дәлірек айтқанда, бейсенбі күні Минск манежінде Молдовадан келген құрдастарымен кездесіп, үшінші орынды сарапқа салады. Бәлкім, соңғы ойында намысқа тырысып, жанкүйерлерімізді бір қуантар...

Бірінші тур

Украина-U17 – Молдова-U17 – 4:0

Қазақстан-U17 – Грузия-U17 – 2:3 (2:1)

Голдар: Давиташвили, 7 (0:1). Герасимов, 23 (1:1). Жақсылықов, 25 (2:1). Капанадзе, 62 (2:2). Гулиашвили, 69 (2:3).

Ескертулер: Жүсіпов, 18. Шаликашвили, 63.

Қазақстан-U17: Батырханов, Иманғазеев, Нұрсейіт (Демин, 45), Жақсылықов, Жүсіпов, Дүйсембаев, Шәміл, Қайтмұратов (Меделхан, 46), Басманов, Герасимов (Мұхамед, 46), Швырев (Жарлаев, 66).
Қосалқы құрам: Қалтөре, Мұхамедәли, Сейітов, Әжімов.

Грузия-U17: Харшиладзе, Капанадзе (Чикрадзе, 75), Ноникашвили, Гелашвили, Шварц (Абзианидзе, 41), Чоталишвили (Якобидзе, 41), Меквабишвили, Шаликашвили, Кварцхелия (Деканосидзе, 80+3), Давиташвили, Гуляшвили.
Қосалқы құрам: Куталадзе, Бакрадзе, Каландадзе, Чавчанидзе, Гагуа.

Төрешілер: Марков, Бабич, Титовец, Волков (бәрі де – Беларусь)

Екінші тур

Грузия-U17 – Молдова-U17 – 3:0

Қазақстан-U17 – Украина-U17 – 1:3 (0:2)

Голдар: Биловар, 18 (0:1). Сикан, 37 (0:2). Волошин, 42 (0:3). Қайтмұратов, 63 (1:3).

Ескертулер: Жүсіпов, 36. Жақсылықов, 43. Швырев, 45.

Қазақстан-U17: Батырханов, Иманғазеев, Жақсылықов, Жүсіпов (Мұхамедәли, 76), Дүйсембаев, Шәміл, Қайтмұратов (Жарлаев, 76), Басманов (Сейітов, 60), Әжімов (Демин, 48), Герасимов (Мұхамед, 60), Швырев (Меделхан, 48).
Қосалқы құрам: Қалтөре, Неумывакин.

Украина-U17: Нещерет (Горох, 55), Аусси, Биловар, Бодня, Данилюк (Ярош, 55), Мудрюк, Надольский (Желизко, 55), Пидручный (Хондак, 69), Сикан (Варянык, 55), Шулянский (Мельничук, 61), Волошин (Шамыч, 61).

Төрешілер: В.Наронский, П.Забелло, А.Назарович, Д.Марков (бәрі де – Беларусь)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика