Вернуться к списку статей

О, бәрекелді! Бородюк Қазақстан құрамасынан ресми түрде кетті

Футбол
1K
Фото kff.kz сайтынан
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты ұлттық құрамамыздың бас бапкері Александр Бородюктің қызметінен кеткенін жариялады.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, Ресей маманы Александр Бородюк қызметінен кетті. Келісімшарт екі жақты келісім бойынша тоқтатылыпты.

Қазақстан футбол федерациясы Александр Бородюкке атқарған жұмысы үшін алғыс айтуды да ұмытпапты. Негізі, Ресей маманы біздің құраманы жаттықтырған уақыт аралығында жеті ойын өткізіп, оның біреуінде тең түсіп, алтауында жеңіліп қалған...

«Ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің есімі алдағы уақытта жарияланады», – деп жазыпты, Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты. Енді тағатсыз осы жаңалықты күтеміз. Құрама тізгіні отандық мамандардың біріне беріле ме, әлде бас бапкер шет елден шақыртыла ма, көпшілікке сол қызық... 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика