Вернуться к списку статей

Венгрия футболшыларының бағасы Қазақстаннан 10 миллион евроға қымбат

Футбол
1K
Венгрия футболшыларының бағасы Қазақстаннан 10 миллион евроға қымбат
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының наурыздың 23-інде Венгриямен жолдастық кездесу өткізетіні белгілі болды. Осы орайда екі команданың құрамына көз жүгіртіп, футболшыларының трансферлік нарықтағы бағаларын есептеп көрген едік.

Футболшылардың нарықтағы бағасын анықтаумен айналысатын немістің transfermarkt.de сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасының жалпы құны 22 миллион евроға жуық екен. Ал мадиярлардың құрамы 32 миллион евродан сәл ғана астам. 

Сондай-ақ, тағы бір мәлімет. Қазақстан құрамы өз чемпионатымыздағы ойыншылардан құралған. Ал Венгрия сапындағы 13 футболшы басқа елдің чемпионаттарында ойнайды. Ойыншылары шығыста Қытайдан бастап, батыста АҚШ-қа дейін шашылып жатыр.  

Қазақстанның ең қымбат ойыншылары – қорғаушы Дмитрий Шомко мен команда капитаны Бауыржан Исламхан. Екеуі де 2 миллион евро тұрады. Ал Венгрия сапында 4,5 миллион евро тұратын екі ойыншы бар. Біріншісі – Петер Гулачи. Габор Кирай ұлттық құрамадан кейін 1-ші нөмірді өзіне алған «Лейпциг» қақпашысы былтырдан бері негізгі құрамда шығып жүр. Екіншісі – АҚШ-тың «Чикаго Файр» командасында ойнайтын сұрмерген Неманья Николич.

Сонымен, футболшыларының бағаларын білу үшін төмендегі кестеге көз жүгіртіңіздер.  


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика