Вернуться к списку статей

Еуропа чемпионатына дайындалатын Қазақстан құрамасының сапы

Футбол
1K
Фото afrk.kz сайтынан
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық додасына дайындала бастады.

2018 жылғы Еуропа чемпионаты 30 қаңтардан 10 ақпанға дейін Словенияда өтеді. Құрлық біріншілігінің финалдық додасында Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Бразилия маманы Какау жаттықтыратын ұлттық құрамамыз бүгін «Еуро-2018» додасы дайындығын бастады.

Қазақстан ұлттық құрамасы бес күн Алматыда дайындық жұмыстарын жүргізетін болады. «Қайрат» ШФК базасында күніне екі рет жаттығу өткзіп, «В» тобындағы қарсыластары, яғни Польша және Ресей құрамаларының ойындарын егжей-тегжей талқылайтын болады.

Бес күннен кейін Киевке ұшып барып, төрт күн жаттығуларын сол жерде пысықтайтын болады. Әрі 27 қаңтар күні Украина құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, дайындықтарын іс жүзінде саралап шығады (Бұл елдің футзалшылары да Еуропа чемпионатының финалында бақ сынайды. Тек «С» тобында ойнайды.). Содан кейін Словенияны бетке алады.

Бас бапкеріміз, яғни Какау ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енгізген 25 футзалшының 17-ісін іріктеп алыпты. Бұлардың 14-і ғана Еуропа чемпионатына барады. Яғни, әзірше үш ойыншы артық. Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде Өазақстан құрамасы Польша (1 ақпан) және Ресей (3 ақпан) футзалшыларымен кездеседі.

Енді соңғы жттығу жиынына шақыртылған ұлттық құрама сапымен таныс болыңыздар:      

қақпашылар – Игита («Қайрат»), Григорий Шамро («Ақтөбе»);
ойыншылар – Дінмұхамбет Сүлейменов, Шыңғыс Есенаманов, Серік Жаманқұлов, Дәурен Нұрғожин, Дуглас, Лео, Михаил Першин (бәрі де – «Қайрат»), Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Александр Довгань, Арнольд Кнауб (бәрі де – «Жетісу»),  Қайрат Иманалин, Павел Таку, Альберт Ақбалықов (бәрі де – «Ақтөбе»), Антон Рындин («Аят»).

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика