Вернуться к списку статей

«Шахтер» Өзбекстанның күміс жүлдегерінен өктем түсті

Футбол
1K
Фото shahter.kz сайтынан
Бүгін Қарағандының «Шахтері» Өзбекстанның 2017 жылғы күміс жүлдегері «Насаф» (Карши) клубын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Шахтер» Өзбекстан чемпионатының өткен маусымдағы күміс жүлдегері «Насаф» (Карши) клубымен жолдастық кездесу өткізіп, өте тартысты өткен матчта екі доп айырмасымен басым түсті.

Ойынның тартысты өткендігі соншалық, матчың басында-ақ кеншілер клубының екі ойыншысы жарақат алып қалып, Владимир Журавель бастаған бапкерлер құрамы олардың орнына басқа ойыншыларын шығруға мәжбүр болған.

Екі гол да Марат Шахметовтің пасынан кейін соғылған. Ол бірінші таймда Сергей Шаффты қақпашымен бетпе-бет шығарып, былтыр «Оқжетпес» (Көкөшетау) клубының намысын қорғаған шабуылшы өз мүмкіндігін мүлт жібермеген.

Шахметов екінші таймда айып соққысын орындап, допты Кирилл Пасечниктің басына салып берген. Былтыр Өзбекстандағы «Бухара» клубының намысын қорғаған, қазір «Шахтер» сапында сынақтан өтіп жүрген ойыншы допты басымен ұрып, есепті еселей түскен.

«Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – «Насаф» (Карши, Өзбекстан) – 2:0

Голдар: Сергей Шафф, 53. Кирилл Пасечник, 76.

«Шахтер»: Ярослав Багинский, Игорь Пикалкин (Тимур Оспанов, 77), Михаил Габышев (Руслан Әлімбаев, 62), Евгений Тарасов (Тайыр Нұрсейітов, 83), Ильнур Мангуткин, Марат Шахметов, Максим Галкин (Кирилл Пасечник, 60), Геворг Наджарян, Вячеслав Путинцев (Айдос Тәттібаев, 15), Сергей Шафф, Сергей Хижниченко (Жан-Әлі Пайруз, 8; Айдос Орал, 53).

Қосалқы құрам: Егор Цуприков, Хамит Матаев, Виктор Дмитренко.

14 қаңтар, 2018 жыл. Анталия, Түркия.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика