Вернуться к списку статей

Дархан Қалетаев – Ұлттар лигасы арқылы Еуропа чемпионатына бара аламыз

Футбол
1K
Дархан Қалетаев – Ұлттар лигасы арқылы Еуропа чемпионатына бара аламыз
Астанада өткен Қазақстан футбол федерациясының Кезекті ХVII Конференциясынан кейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев sportsffa.kz сайтына аз-кем сұхбат беріп, жаңа бағдарламаның маңыздылығын атап өтті.

– Жеті бағыттан құралған бұл Бағдарлама ел футболына қатысты барлық мәселелерді қамтыған. Енді мұның барлығы жүзеге асатын болса, қазақ футболы жаңа белеске шығады деп ойлаймын.

– Ал жеті бағыттың қайсысына бірінші кезекте көңіл бөлу қажет деп ойлайсыз?

– Өзіме ең жақыны ұлттық құрама. Егер ұлттық құрамамыздың халықаралық аренадағы ойындары жақсы болғанын қалаймын. Қазір ұлттық құрамамызға білікті бапкер келді. Станимир Стойлов ел футболында өзіндік беделін қалыптастырып, халықаралық аренада жетістіктерге жете білген бапкер. Ол үмітті ақтайды деп ойлаймын.

– Қазақстан ұлттық құрамасын күзде Ұлттар лигасы күтіп тұр. Бұл турнирден не күтесіз?

– Грузия, Латвия, Андорра құрамаларымен бір топқа түстік қой. Басты бәсекелестеріміз алғашқы екеуі. Меніңше қай команданы болмасын жеңуге болады. Әзірбайжан құрамасын да спарринг-қарсылас ретінде сол үшін таңдап отырмыз. Ойын мәнері грузиндерге ұқсайды. Жалпы, Ұлттар лигасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне апаратын даңғыл жол. Соны пайдалануымыз керек. Бұған шамамыз жетеді деп ойлаймын.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика