Вернуться к списку статей

Қазақстан футбол федерациясы Тимур Сегізбаевтың рухына құрмет көрсетті

Футбол
1K
Қазақстан футбол федерациясы Тимур Сегізбаевтың рухына құрмет көрсетті
Астанада өтіп жатқан Қазақстан футбол федерациясының Кезекті ХІІ Конференциясы қазақ аяқдобының даңқты футболшысы Тимур Сегізбаевтың рухына құрмет көрсетумен басталды.

Елордамызда Қазақстан футбол федерациясының Конференциясы өтіп жатыр. Ел футболының барлық атқамінерлері мен аймақтық футболдың өкілдері жиналған алқақотан жиынды ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков былтыр дүние салған қазақ футболының даңқты тұлғасы Тимур Сегізбаевтың рухына құрмет көрсетіп, бір минуттық еске алумен бастады.

Тимур Санжарұлы жайлы қысқаша деректі фильм ұсынылып, оның футболдағы өмір жолы экран арқылы Конференцияға қатысушыларға көрсетілді.

– Тимур Санжарұлының есімі ел футболының тарихында алтын әріптермен мәңгілікке жазылып қалады. Алдағы уақыттарда оның рухына бағытталған әртүрлі жобаларды қолға аламыз. Егер тірі болғанда 12 мамыр күні 77 жасқа толар еді. Сондықтан, ел чемпионатының сол кездегі турын Тимур Сегізбаевтың рухына арнап, ойындарды бір минуттық үнсіздікпен бастаймыз, – деді Әділбек Рыскелдіұлы.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика