Вернуться к списку статей

Бас бапкерлер – Болгария төрттігі мен төрт елдің Владимирі

Футбол
1K
Фото fca.kz сайтынан
Қазақстан премьер-лигасындағы клубтардың барлығы бас бапкерлерін тағайындап болды.

Премьер-лигадағы 12 клуб түгелдей бас бапкерлерін бекітіп, жаңа маусым дайындығын бастап кетті. Тек Владимир Никитенко ғана «Тобылмен» еңбек келісіміне әлі қол қойған жоқ. Себебі Қостанай клубын жастар құрамасынан қол үзбей жаттықтыруы үшін Қазақстан футбол федерациясының келісімін алуы керек.

Биыл Болгария бапкерлерінің саны артып отыр. Қазір премьер-лигадағы төрт клубымызды осы елдің мамандары жаттықтырады. Испания жаттықтырушыларының саны екеу болды. Сонда Қазақстан премьер-лигасындағы клубтардың тең жартысын Еуропа өкілдері баптайтын болады.  

Бір қызығы, дәл қазір Қазақстан премьер-лигасындағы төрт команданың бас бапкерінің есімі – Владимир. Әрі олар – әр елдің азаматтары. Атап айтқанда, Никитенко – Қазақстан, Муханов – Ресей, Журавель – Беларусь, ал Мазяр – Украина...

Қуаныштысы, биыл отандық мамандардың да саны артып отыр. Әзірше үш команданың тізгіні – өз жаттықтырушыларымыздың қолында. Ал өкініштісі, ҚПЛ-да бірде-бір қазақ бапкері жоқ. Қандастарымыз бірнеше клубта бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарып жүр...

Қазақстан премьер-лигасындағы бас жаттықтырушылар тізімі:


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика