Ұлттық құрамаға көмектесуге кетіп, жарақатпен оралған Юрий Логвиненко мұның алдындағы ойынға қатыспаған болатын. Бүгін алаңға шығып, ойынның 84-ші минутта бұрыштама добынан кейін гол соқты.
«Атырау» – «Астана» 0:1 (0:0)
Гол: Логвиненко, 84.
Ескертулер: Чичулин 10 – Жалмұқан 60
«Атырау»: Пасеченко, Джокич, Двалишвили, Лобжанидзе, Саломов (Родич 86), Обшивач, Максимович, Әбдрахманов (Қалмұратов 72), Қайраллиев, Хайруллин (к), Чичулин (Мәжитов 79)
Резерв: Жомартов, Нұрыбеков, Коробов, Ли, Сүлей, Төлиев
«Астана»: Мокин, Аничич, Шитов, Маевский, Кабананга, Ллуллаку (Твумаси 68), Граховац, Жалмұқан (Муртазаев 68), Шомко (к), Логвиненко, Мужиков (Постников 90)
Резерв: Эрич, Наджарян, Сағынаев, Жүнісов, Бейсебеков
Төрешілер: Сахи (Қызылорда), Филипчук (Шымкент), Жақсылық (Қызылорда)
Атырау қаласы. «Судоремонтник» стадионы. 1 500 көрермен.
Қорғаушылар да қызық. Бәрін жауып, стандартты жағдайларда өте қауіпті Логвиненконы жалғыз қалдырып кетті. Ал Юрий мұндай мүмкіндіктерді мүлт жібермейді. Допты еркін қабылдады, тоқтатты, ыңғайына көндірді, содан кейін ғана қақпаға тепті. Осылайша елордалықтар 10 ұпаймен турнир кестесінде 5-орынға көтерілді. Станимир Стойлов шәкірттері жылдағыдай асықпай ұпай жинауға көшкен секілді. Ал «Атыраудың» бас бапкері Зоран Вулич «-9 ұпайдың» жырын айтып, жыламсырап жүр.
– Мұның барлығы бұрынғы басшылықтың кесірі. Олар қателік жібереді, зардабын тартатын біз. Бізге әрине, қиын. Бірақ, өмір оңай деп кім айтты?.. Соңына дейін айқасамыз. Келесі турда «Шахтерді» қабылдаймыз. Ол ойын бұдан да қиын болады, - деді кездесуден кейін «Атыраудың» бас бапкері.