Вернуться к списку статей

Қазақстан кубогы 1/8-финалының жеребесі тартылды

Футбол
2K
Қазақстан кубогы 1/8-финалының жеребесі тартылды
Бүгін Қазақстан Кәсіпқой лигасының кеңсесінде Қазақстан кубогының жеребесі тартылып, 1/8-финалдың жұптары анықталды.

Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің мүшелері жиналған рәсімге құрметті қонақ ретінде Қазақстанның үш дүркін чемпионы, үш дүркін үздік сұрмергені Мұрат Тілешев шақыртылыпты.

Ұйымдастырушылар 16 команданы екі қоржынға бөлген. Біріншісіне өткен жылғы кубоктың иегері, ел чемпионы «Астанадан» бөлек, өткен жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша турнир кестесінде жоғары орындардан көрінген тағы жеті команда орнласыпты. Олар «Қайрат», «Ертіс», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Тобыл» және «Атырау». Екінші қоржынға былтыр турнир кестесінің төменгі жағынан орын алған «Шахтер», «Ақжайық» және «Тараздан» бөлек, Бірінші лиганың жеңімпазы «Қайсар», сондай-ақ, кеше ғана аяқталған ел кубогы електік кезеңінің жеңімпаздары «Мақтаарал», «Қыран», «Жетісу» және «Қызыл-Жар» командалары орналасқан.

Екі қоржындағы шарлар кезек-кезек алынып, бір себетке салынды да, қайсысы бірінші шығарылса, сонысы 1/8-финалда ойынды өз алаңында өткізетін болып бекітілді. Бірақ, бұл ереже електік кезеңнен өткен командаларға қатысты емес. 1/8-финалдың ойындарын ол командалар өз алаңдарында қабылдайтын болып әу баста шешілген.

Бұл кезеңнің ойындары 19 сәуір күні өтеді. Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан кубогының финалы Ақтөбе қаласында өтеді.

Қазақстан кубогының 1/8-финалы

19 сәуір (сәрсенбі)

«Қызыл-Жар» (Петропавл) – «Ордабасы» (Шымкент)

«Тобыл» (Қостанай) – «Шахтер» (Қарағанды)

«Мақтаарал» (Жетісай) – «Оқжетпес» (Көкшетау)

«Ертіс» (Павлодар) – «Қайсар» (Қызылорда)

«Қыран» (Шымкент) – «Атырау»

«Қайрат» (Алматы) – «Тараз»

«Ақжайық» (Орал) – «Ақтөбе»

«Жетісу» (Талдықорған) – «Астана»

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика