Вернуться к списку статей

Мәдениет және спорт министрі Сайын Тұрсыновтың туыстарына көңіл айтты

Футбол
1K
Қазақстан спорт журналистикасы ауыр қазаға ұшырады.

Танымал журналист, Қазақстан Республикасы дене тәрбиесінің еңбек сіңірген қайраткері, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, республикалық «Спорт» газетінің іргесін қалаушылардың бірі Сайын Сүлейменұлы Тұрсынов 81 жастан асқан шағында дүние салды.

Сайын Сүлейменұлы Тұрсынов абыройлы еңбек етіп, ғибратты өмір сүрді.

1936 жылы 25 қантарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Ол 1959 жылы Қазақстанның Мемлекттік Университетінің журналистика факультетін бітіріп республикалық «Спорт» газетінде тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерінен еңбек жолын бастаған.

Сайын Сүлейменұлы Тұрсынов Қазақстандық спорттық баспасөз қауымдығында да біраз жыл белсенді еңбек етті. 1999 жылы белгілі спорт журналист, қоғам қайраткері, публицист, жазушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтын лауреаты атанды.

Сайын Сүлейменұлының еңбегі бір неше рет мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталды.

Жылдар өтер, бірақ абзал азамат, белді спорт журналист ардагері, Сайын Сүлейменұлы Тұрсыновтың жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның туған-туысқандарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Арыстанбек Мұхамедиұлы,

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика