26 наурыз күні Қазақстан ұлттық құрамасымен 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті кездесуін өткізетін Армения құрамасы дайындықтарын ертерек бастады.
Армения құрамасының бас жаттықтырушысы Артур Петросян 7 наурыз күні шетелдік клубтардың намысын қорғайтын 18 футболшысына алдын-ала шақырту жіберді. Енді сол тізімге көз жүгіртейік:
Генрих Мхитарян – “Манчестер Юнайтед” (Англия)
Гаэль Андонян – “Вериа” (Грекия)
Оганес Амбарцумян – “Вардар” (Македония)
Маркос Пизелли – “Ксанти” (Грекия)
Арас Озбилис – “Бешикташ” (Түркия)
Геворг Казарян – “Маритиму” (Португалия)
Вараздат Ароян – “Падиде” (Иран)
Тигран Барсегян – “Вардар” (Македония)
Артур Симонян – “Ле Мон” (Швейцария)
Левон Айрапетян – “Пайкан” (Иран)
Грайр Мкоян – “Эстеглал” (Иран)
Тарон Восканян – “Кармиотиса” (Кипр)
Камо Оганесян – “Торпедо-Белаз” (Беларусь)
Гор Малакян – “Сталь” (Украина)
Эдгар Малакян – “Сталь” (Украина)
Артур Саркисов – “Енисей” (Ресей)
Руслан Корян – “СКА-Хабаровск” (Ресей)
Бұл тізімге Армения чемпионатында ойнайтын ең ұздік футболшылары қосылады. Олардың тізімі алдағы күндері жариялануы керек. Ал Қазақстан құрамасын Вазген Саргсян атындағы «Республикалық» стадионда қабылдайды. Бұл ойынның билеттері 3 наурыздан бастап сатылымға шығарылған.