Бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 наурыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы Кипр футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 26 наурызда Ереванда Армения құрамасымен 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында додаға түседі.
Бір қызығы, бапкерлер құрамында Қайрат Нұрдәулетовтің аты-жөні жазылмаған. Ал Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты осыдан бірер күн бұрын ғана «Нұрдәулетовт ұлттық құрама бас бапкерінің көмекшісі болып бекітілді» деп ақпарат таратқан болатын...
Сонымен осы екі ойынға шақыртылған Қазақстан ұлттық құрамасының сапы:
қақпашылар – Алмат Бекбаев («Ордабасы»), Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»);
қорғаушылар – Дмитрий Шомко («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Сергей Малый («Тобыл»), Виктор Дмитренко («Тобыл»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Григорий Сартаков («Тобыл»), Александр Кислицын («Ертіс»);
жартылай қорғаушылар – Серікжан Мұжықов («Астана»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Асхат Тағыберген («Тобыл»), Максат Байжанов («Қайсар»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Мардан Төлебек («Ордабасы»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Георгий Жуков («Кайрат»);
шабуылшылар – Танат Нөсербаев («Ордабасы»), Роман Мұртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер», Солигорск).
Жаттықтырушылар құрамы:
Александр Бородюк – бас бапер,
Виктор Лосев – аға жаттықтырушы,
Николай Игумнов – дене дайындығы жаттықтырушысы,
Юрий Новиков – қақпашылар жаттықтырушысы,
Евгений Шевелев – жаттықтырушы-сарапшы
Алексей Левин – дәрігер,
Ахматхон Искандаров – дәрігер.