Вернуться к списку статей

Бірінші тур қарсаңындағы “буы бұрқыраған” келісімшарттар

Футбол
2K
«Ордабасы» клубының үр жаңа ойыншысы – Пабло Фонтанельо (Аргентина). Фото: fcordabasy.kz
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының бірінші туры қарсаңында бірнеше келісімшарттар тіркеліп, кейбір клубтарымыз құрамдарын жаңа ойыншылармен толықтырды.

Премьер-лигадағы клубтарымыздың бәрі де Кәсіпқой футбол лигасына биылғы маусымда өнер көрсететін ойыншыларын тіркеп қойса да, кейбіреулері бірінші тур қарсаңында өзгерістер енгізді. Яғни жаңа ойыншылар тіркеді. Естеріңізге сала кетейік, қысқы трансфер кезеңі 3 сәуіркүні ғана жабылады. Яғни оған дейін өзгерістер әлі болады.

«Ордабасы» – Пабло Фонтанельо (Аргентина)  

Бұл ретте, бірінші кезекте, «Ордабасы» клубының құрамын Аргентина қорғаушысы Пабло Эсекьель Фонтанельомен толықтырғандығын атап өткіміз келеді. Ол соңғы жылдары Украинаның «Черноморец» клубы сапында ойнады. Еуропа лигасының топтық кезеңінде доп теуіп, тәжірибе жинаған. 2014 жылы Украинадағы саяси жағдайға байланысты кетіп қалып, Норвегияда («Стабек») және Ресейде («Урал») ойнаған.

Бір көңіл аударарлығы, «Ордабасы» клубында қазір – тоғыз легионер. Оңтүстік Қазақстан клубы ҚР Кәсіпқой футбол лигасының соңғы шешімін қолданып, қосымша легионер тіркеп отыр. Қосымша легионері үшін сыйақы төлеуі де мүмкін... Тіпті бір легионерін тіркеуден қайта шығарып тастаса да таң қалмаймыз.  

«Қайрат» – Акош Элэк (Венгрия)  

«Қайрат» футбол клубы да құрамын толықтырды. Ол – Акош Элэк. Жартылай қорғаушы. Венгрия құрамасының ойыншысы. Былтыр Францияда өткен Еуропа чемпионатына қатысып, Португалия және Бельгия құрамаларымен өткен кездесулерде өз елінің намысын қорғаған. Мажар (Мадияр) елінің 2011 жылғы чемпионы. 1988 жылы 21 шілде күні туған. Бойы – 193 см, салмағы – 91 келі

«Ақтөбе» – Александр Ермаченко (Украина)

Әйгілі Киевтің «Динамосының» балалар мектебінде тәрбиеленген Александр Ермаченко «Ақтөбеге» ауысты. Украинаның жасөспірімдер арасындағы құрамасында ойнап, талантты футболшыларының бірі ретінде көзге түскен. 2011 жылы Гранаткин турнирінің ең үздік жартылай қорғаушысы атанған. 1993 жылы 29 қаңтарда туған. Бойы – 170 см, салмағы – 62 келі.

«Ертіс» – Лаша Двали (Грузия)

«Ертіс» құрамын Грузия қорғаушысы Лаша Двалимен толықтырды. Бірақ Польшаның «Шленск» клубынан жалға алыпты. Бұл қорғаушы «Сконто» (Латвия), «Рединг» (Англия), «Касимпаша» (Түркия) және «Дуйсбург» (Германия) клубтары сапында ойнаған. 1995 жылы 14 мамырда туған. Бойы – 191 см, салмағы – 80 келі.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика