Вернуться к списку статей

"Атырау" халықаралық Төрелік сотқа шағымданды

Футбол
1K
Бүгін «Атырау» ФК Қазақстан футбол федерациясынан тоғыз ұпайлары шегерілгендігі туралы хат алғандарын, бірақ бұл шешіммен келіспейтіндіктерін жариялады.

«Атырау» футбол клубы жанкүйерлеріне арнап, өзінің ресми сайтында бұл мәселені толығырақ мәлімдеген:

ФИФА футболшылары мәртебесі жөніндегі комитет 2013 жылғы 2 қазан күні «Атырау» облыстық футбол командасы» ЖШС-інен Зоран Филиповичке берешегін өндіріп беру туралы шешім шығарған. Бұл маман 2011-2012 жылдары бас бапкер болып жұмыс жасаған.

Алайда «Атырау» облыстық футбол командасы» ЖШС бұл шешіммен келіспейді. Өйткені клубта жоғарыда аталған берешектің төленгендігін дәлелдейтін қаржылай құжаттар бар. Сонымен қатар, ақшалай қаражатты 2014 жылы 24 маусым күні, Астана қаласында Зоран Филиповичтің өзі төлем карточкасы арқылы кассадан алғаны да футбол клубына мәлім.

Осыған байланысты, «Атырау» футбол командасы Швейцарияның Лозанна қаласындағы Спорттық төрелік сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Сондай-ақ Дауларды шешу палатасының Рикардо Соуза да Костаға 36 063 еуро (11 940 098 теңге 67 тиын) көлемінде берешегін төлеу туралы 2015 жылғы 19 ақпанда шығарған шешімін орындамағаны үшін, ФИФА Тәртіптік комитетінің 2016 жылғы 27 қазанда шығарған шешімі бар. Онда клубтың үш ұпайын шегеру түрінде жаза қолданылған. Бұл футболшы «Атырау ФК 2011-2012 жылдары ойнаған.

Клубты қаржыландыру облыстық бюджет арқылы жүргізіледі. Клубтың жоғарыдағы сомаларды төлеу үшін мемлекеттік бюджеттен басқа табыс көзі жоқ. Осыған байланысты «Атырау» футбол клубы осы мәселелерді шешу жөніндегі жұмыстарды қолға алып, шегеріліп тасталған ұпайларды қайтару үшін барлық қажетті шараларды қолдануға тырысады.     

«Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі  

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика