«Ертістің» құрамына қазақ футболының көрнекті ардагер футболшыларының бірі Нұрбол Жұмасқалиев қосылды. Нұрболдың мол тәжірибесі биыл Павлодар клубында кәдеге жарап қалуы әбден мүмкін. Өйткені, бұл команда биыл Қазақстан чемпионаты мен кубогында, сондай-ақ Еуропа лигасында додаға түседі.
Серб қорғаушысы Стефан Живкович те бір жыл «Ертістің» намысын қорғайтын болыпты. Сол қапталда ойнайтын қорғаушы Павлодар клубына «Чукарички» клубынан ауысып келді. Ол 1990 жылы 1 маусымда Белградта туған. Бойы – 180 см, салмағы – 76 келі.
Украина қорғаушысы Евгений Ткачук те «Ертіс» клубының жейдесін киіп, намысын қорғауға бекініпті. Ол қазақ топырағына талай таланты түлеткен «Заря» клубынан келіп отыр. 1991 жылы 27 мусымда туған. Бойы – 192 см, салмағы – 81 келі.
Жалпы, биылғы маусым аралығында «Ертістің» қорғанысы түгелдей дерлік ауысты. Ахметов, Керла, Фрейдгеймас, Дәуітов, Сартаков сынды қорғаушылары кетіп (бұларға былтыр жазда кетіп қалған Малыйды да қосуға болатын шығар), Кислицын, Воротников, Калинин, Живкович, Ткачук алынып отыр.