Вернуться к списку статей

“Ордабасы” “Қайраттың” орталық қорғаушысын таңдады

Футбол
1K
Бруно Соарес
«Ордабасы» футбол клубы қысқы трансфер мерзімі аяқталуға айналғанда шұғыл іске кірісті. Қазір бұл клубқа келіп-кетіп жатқан ойыншылар аз емес...

Оңтүстік Қазақстан облысы командасы легионерлерді таңдауға белсене кіріскендей. Әрі әрбір шетелдік футболшыны егжей-тегжей тексеріп, әлеуетін мейілінше таразылап жатқандай. Сынақтан өтпей, кері қайтып жатқан футболшылардың есімдері күн сайын отандық басылымдарда жарияланып отыр.

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ордабасы» сапына екі маусымды «Қайрат» сапында үзіп-жарып өткізген Бразилия қорғаушысы Бруно Соарестің қосылғаны кеше жарияланды.

Егер медициналық тексерістен өтсе, денсаулығы жақсы болса, Бруно Соарес «Ордабасы» клубының жейдесін киеді екен. Бұл қорғаушы сынақтан өтпейді. Себебі ол Қазақстан чемпионатындай ойнай алатындығын 2015 жылдың жазынан бері «Қайрат» сапында дәлелдеген.

Соареске шүбәсіз сенетін «Ордабасы» бапкерлері команда сапында сынақтан өтіп жүрген, 26 жастағы Канада қорғаушысы Джон Адам Стрейтті кері қайтарып жіберіпті. Әрі «Стрейт жаман қорғаушы емес, бірақ бапкерлер алқасының таңдауы Соареске түсті, өйткені ол Қазақстан чемпионатына бейімделіп қалған, тәжірибесі бар», – деп ашық айтты.

Жалпы, өте жақсы трансфер сияқты. Бойы сырықтай Сорарес «Ордабасы» қорғанысының топсасын берік ұстауы мүмкін. Тәжірибелі орталық қорғаушы. Қазақ додасын жақсы біледі.   

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика