Негізі, бұл ақпарат еше тараған. Бүгін Жолшиевтің «Ақтөбен» кетіп қалғаны ресми түрде мәлімденді. Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі «Ақтөбе» клубының Бас директоры Мақсат Тұмалиевтен сұхбат алыпты.
Фото: pflk.kz
Осы сұхбат барысында Бауыржан туралы да сұрақ қойылған. Оған Бас директор былай деп жауап беріпті:
– Бауыржаннан бізге тосыннан келді. «Ақтөбе» сапында ойнауға дайын екендігін айтты. Біз тіпті қаржы мәселесін талқылаған да жоқ болатынбыз, ал ол жаттығу жұмыстарына бірден кірісіп кетті. Содан кейін біз оған қаржылай мүмкіндігіміз туралы айттық. Ол «ойланамын, қабырғаммен кеңесемін» деді. Қазір ол команда сапында жоқ. Сіздерге Жолшиев туралы айтарым – осы ғана.
Өкінішті. Енді футболшының өзі біледі, бұл – оның жеке басының шаруасы. Кім біледі, бәлкім, басқа клубтармыздың біріне барып та қалуы мүмкін ғой. Өз ойы, іштей есебі бар шығар. Қысқы трансфер кезеңінің аяқталуына әлі біраз уақыт бар...