Вернуться к списку статей

Қазақстан премьер-лигасынан кеткен үздік легионерлер

Футбол
2K
Фрейдгеймас, Каньяс, Фалль кетті, Максимовичке жазға дейін
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы біздің елден кетіп, 2017 жылғы қаңтар айынан бері ресми түрде шетелдік клубтарға ауысқан футболшылар тізімін түзіпті.

Бұл футболшылар ФИФА халықаралық трансферлер келісімі жүйесі бойынша басқа командаларға ауысқан екен. Енді осы тізімге көз жүгіртіп көрейік:

Рохер Каньяс (Колумбия, «Астана) – АПОЭЛ (Кипр) =>жалға

Чиприан Дяк (Румыния, «Ақтөбе»; «Тобыл») – «ЧФР Клуж» (Румыния)

Георгас Фрейдгеймас (Литва, «Ертіс») – «Жальгирис» (Литва)

Игнасио Эрерра (Чили, «Ертіс») – «Нефтчи» (Әзірбайжан)

Пшемыслав Трытко (Польша, «Атырау») – «Арка» (Гдыня, Польша)  

Филипп Касалица (Црна Гора, «Ордабасы») – «Напредак» (Сербия)

Йоан Мера (Румыния, «Тараз») – «Политехника» (Румыния)

Леандре Тавамба (Камерун, «Қайрат») – «Партизан» (Сербия)

Корнелиус Уббинк (Нидерланды; Тараз; «Шахтер») – «Тренчин» (Словакия)

Сергей Яворский (Украина, «Тобыл») – «Ильичевец» (Украина)

Филипп Серечин (Словакия, «Шахтер») – «Земплин Михаловце» (Словакия)

Георгий Моисов (Македония, «Жетісу») – «Силекс» (Македония)

Николас Каналес (Чили, «Оқжетпес») – «Депортес Темуко» (Чили)

Неманья Николич (Сербия, «Ақтөбе») – «Спартак» (Суботица, Сербия)

Неманья Видич (Сербия, «Қызыл-Жар») – «Негери Сембилан» (Малайзия)

Әрине, бұл футболшылардың басым көпшілігі – Қазақстан чемпионатының деңгейін көтеріп, премьер-лигадағы клубтарымызды алға сүйрей алатын ойыншылар. Бұларға еңбекқорлығымен көпшілікке үлгі болған, биыл карьерасын аяқтаған Анатолий Тимощукті (Украина, «Қайрат») қосуға да болатын сияқты.

Сондай-ақ осыдан бірер күн бұрын Самир Керла (Босния және Герцеговина, «Ертіс») өз еліндегі «Железничар» клубына кетті. Сондай-ақ Ирсак («Ертіс»), Давлатов («Ақтөбе»), Куртеян, Шарпар, Макась (бәрі де – «Атырау»), Арзуманян («Шахтер») сынды ойыншылар да өз бақтарын шет ел клубтарынан іздеуге бел буған сияқты еді.

Ал Бруно Соарес, Асеведо («Қайрат»), Джаллоу, Фалль, Григалашвили («Ертіс»), Трайкович, Чатто («Ордабасы), Ристович («Оқжетпес»), Эссаме («Атырау») сынды ойыншылардың таяу арада басқа клубтардың жейделерін киіп қалулары да ықтимал. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика