«Астана» футбол клубының ресми сайты түрік жерінде оқу-жаттығу жиынына кірісіп кеткен ойыншыларының тізімін жариялады:
қақпашылар – Ненад Эрич, Александр Мокин, Абылайхан Дүйсен;
қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Берік Шайыхов, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Евгений Постников, Игорь Шитов;
жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар – Серікжан Мұжықов, Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Дидар Жалмұқан, Роман Мұртазаев, Патрик Твумаси, Аздрен Лулаку, Иван Маевский, Джордже Деспотович, Мәди Жақыпбаев, Абай Жүнісов, Сұлтан Сағынаев, Геворг Наджарян, Владислав Прокопенко.
Өздеріңіз байқап отырғандай тізімде Неманья Максимович тағы жоқ. Серб саңлағы не «Валенсияға» бармады, не «Астана» сапына қосылмады. Екі клуб ортақ тіл табыса алмай, бұл ойыншы жазға дейін Қазақстан чемпионатында ойнауы керек болатын.
Ал «Валенсия» болса, Максимович әзір келе алмайтын болғандықтан, «Сельта» клубынан басқа бір футболшыны жалға алған да сияқты еді. Десек те, Неманья «Астана» сапына да келіп қосылмады. Енді спорттық бабына қалай келе алады?..
Айтпақшы, «Астананың» Түркияға аттанған футболшылары арасында Қазақстан U-19 құрамасының капитаны Дінмұхамед Қашкен де жоқ. Ол өткен жолы Біріккен Араб Әмірлігінде өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынында болған. Елорда клубының бапкерлері әлі де қосалқы құрамда тәжірибе жинақтасын деп шешті ме екен?..
Енді, «Астана» клубының Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиыны барысында қай командалармен жолдастық кездесу өткізетіндігін ескерте кетейік:
8 ақпан – «Александрия» (Украина),
11 ақпан – «Железничар» (Босния және Герцеговина),
14 ақпан – «Заря» (Украина),
17 ақпан – «Олимпия» (Словения),
21 ақпан – «Арсенал» (Ресей).