Вернуться к списку статей

«Қайрат» Еременко кубогында үшінші рет топ жара ма?

Футбол
1K
Былтыр Еременко кубогы Алматыда өткен. Фото: afckairat.kz
Өткен аптаның соңында Ресейдің шағын футбол қауымдастығы кеңсесінде ІV Еременко кубогының жеребесі тартылып, "Қайрат" "А" тобына түсті.

Биыл Еременко кубогы төртінші рет ұйымдастырылып, 21-25 ақпан аралығында Ресейдің Троицк және Климовск қалаларында өтеді. Қатысатын командалар саны – алтау. Өткен аптаның соңында жеребесі тартылып, екі топ түзілді.

«А» тобы: «Қайрат» (Қазақстан), «Сталица» (Беларусь), «Дина» (Мәскеу, Ресей);

«В» тобы: КПРФ (Мәскеу, Ресей), «Никарс» (Латвия), «Сибиряк» (Новосибирск, Ресей).

«А» тобының ойындары Троицк қаласындағы "Квант" спорт сарайында, ал «В» ұштігінің матчтары Климовскідегі "Юность" әмбебап спорт орталығында өтеді.

«Қайраттың» ойындары күнтізбесі:

21.02.17 ж: «Қайрат» – «Дина»

23.02.17 ж: «Қайрат» – «Сталица»

24.02.17 ж: Жартылай финалдық ойындар (1А – 2В, 2А – 1В)

24.02.17 ж: Финалдық ойындар (финал, 3-орын үшін және 5-орын үшін).

Еременко кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

2014 жыл
1. "Қайрат" (Қазақстан); 2. "Синара" (Ресей); 3. "Газпром-Югра" (Ресей)

2015 жыл
1. "Синара" (Ресей); 2. "Тюмень" (Ресей); 3. "Қайрат" (Қазақстан)

2016 жыл
1. "Қайрат" (Қазақстан); 2. "Тюмень" (Ресей); 3. "Синара" (Ресей)

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика