Вернуться к списку статей

«Қайрат» тегін жіберген ойыншыны «Партизан» 2,5 миллион евроға бермей отыр

Футбол
1K
Өткен жылдың соңында Алматының «Қайратынан» тегін кетіп, Сербияның «Партизанына» барған камерундық шабуылшы Леандре Тавамбаны сербтер 2,5 миллион  евроға сатпай отыр.
Өткен жылдың соңында Алматының «Қайратынан» тегін кетіп, Сербияның «Партизанына» барған камерундық шабуылшы Леандре Тавамбаны сербтер 2,5 миллион  евроға сатпай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Леандре Гаэль Тавамбаны «Қайрат» 2016 жылдың сәуірінде Словакияның «ВиОн» клубынан алдыртқан болатын. Шабуылшы клубпен 1+2 жүйесі бойынша келісімшартқа отырды. Алматылықтар сапында 23 ойын өткізіп, 4 гол соққан шабуылшы тағы 5 рет әріптестеріне нәтижелі пас шығарып берді. Алайда, маусым соңында «Қайрат» басшылығы бұл футболшымен келісімшартты созуды жөн көрмеді.

Тавамба клуб таппай көп жүрген жоқ. Бір айдан кейін-ақ Сербияның «Партизанымен» келісімшарт жасасты. Белградтықтардың негізгі шабуылшысына айналып, команданы ел чемпионатында да, Еуропа лигасында да өрге сүйреді. Соның нәтижесінде 28 жасар шабуылшыға Италияның «А» сериясындағы «Веронаның» өзі қызығушылық танытып, ол үшін 2,5 миллион евро ұсынды. Бірақ белградтықтар бұл ұсыныстан бас тартып, италиялықтардың бетін қайтарып тастады. Өйткені, Грекияның «Олимпиакосы» 3 млн. евро ұсынып отыр. Тавамба Пирейге осы қысқы трансферлік терезе кезінде-ақ кетіп қалуы мүмкін. Transfermarkt.de сайтының мәліметіне сүйенсек, оның нарықтағы құны 600 мың евро.

Жалпы, бұл нені білдіреді? Қазақстан клубтары трансферден пайда табуды әлі меңгермеген секілді. Футболшымен келісімшарт жасасамыз да, мерзімі аяқталған соң тегін жібере саламыз. Не болмаса, командаға бір жылда сіңісіп үлгермегендермен келісімшартты үзе қоямыз. Әйтпесе, соларды сатудан аз да болса пайда табуға болар еді ғой. Әлде, сербтер меңгерген сауда біздің қазаққа таңсық па?

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика