Вернуться к списку статей

Валерий Карпин, Жозе Моуринью, Фабио Капелло және «Ертіс»...

Футбол
1K
«Ертіс» футбол клубы бас бапкерлік тізгінін ұстататын маман іздеп, үміткерлерін басшыларымен кездестіруге шақыра бастапты...

Жақында отандық басылымдардың бірі бас бапкерді хабарландыру арқылы іздеуге кіріскен Павлодар клубының осы лауазымды қызметке 14 үміткері бар» деп жазған болатын. Енді солардың кейбіреулерін кездесуге шақырып, келіссөздер жүргізе бастағандай.

Негізі, бүгін бірнеше шетелдік маманмен кездесу өткізу жоспарланған секілді. Бірақ Павлодарға солардың біреуі ғана келіпті. Ол – ресейлік Валерий Карпин. Ал Чехия және Болгария жаттықтырушылары келе алмаған. Десек те, «Ертіс» футбол клубы әлі ешқандай ресми мәлімет таратқан жоқ...        

Карпин Павлодарға кеткенде, Ресей басылымдары тақымдарын қысып, елегізіп-елеңдей бастады. Әліптің артын тоса алмай, «Ертіс» басшылармен хабарласа бастаған. Қызықтың көкесі дәл оы тұста басталып отыр.

«Ертістің» спорттық директоры Ойрат Садуов championat.com басылымына Валерий Карпинге ұсыныс жасағандарын жасырмай, енді оның жауабын тосып отырғандарын мәлімдеген. Оның біздің отандық басылымдар да іліп әкетті...

Ал «Ертіс» клубының директоры Жанайдар Дүйсембаев sport-express.ru басылымына берген жауабында Валерий Карпинмен келіссөз жүргізіп жатқандарын «өсек» деп, теріске шығарған. Әрі «біз Жозе Моуриньюмен және Фабио Капелломен келіссөз жүргізуді қарастырып жатырмыз» деп әзілдеген...

Дәл осы басылым «Ертістің» президенті Расул Оразғұловпен де хабарласып, оның әлі Валерий Карпинмен кездеспегендігін білген. Қысқасы, Ресей басылымдарының назары Павлодар клубына ауып тұр. Енді осы елдегі спорттық басылымдардың бәрі де Қазақстан клубының басшыларын және олардың аты-жөндерін жатқа білетін болды...

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика