Футзалдан 2017 жылғы Қазақстан кубогы Рудныйда өтіп жатыр. Финалдық додаға жылдағыдай төрт команда емес, алты клуб қатысады. Олар екі топқа тең бөлінген. Жартылай финалға екі топтан бірінші және екінші орын алған ұжымдар шығады.
Осы ретте айта кетейік, ел кубогының финалына қатысудан бас тартқан «Дорожник» (Астана) командасының орнын Көкшетаудың «Оқжетпесі» басты. Жалпы, екі топтың құрамы төмендегідей:
1-топ: "Ақтөбе" (Ақтөбе), "Жетісу" (Талдықорған), "Тұлпар" (Қарағанды);
2-топ: "Аят" (Рудный), "Қайрат" (Алматы), "Оқжетпес" (Көкшетау).
Кеше бірінші күнгі ойындар өтіп, «Ақтөбе» Қарағандының «Тұлпарынан» басым түсті. Ал «Аят» өз алаңында Көкшенің «Оқжетпес» командасын ұтып, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. Екі ойын да 4:1 есебімен аяқталды.
Ойындар күнтізбесі
11 желтоқсан
"Тұлпар" – "Ақтөбе" – 1:4
Голдар: Клинов, 22 – Валенко, 14. Иманалин, 29. Джонатан, 29. Иманалин, 40.
"Оқжетпес" – "Аят" – 1:4
Голдар: Зинчинко, 8 – Двирный, 7. Лапатюк, 14. Рындин, 23. Лапатюк, 39.
12 желтоқсан
15:00 "Қайрат" – "Оқжетпес"
17:00 "Жетісу" – "Тұлпар"
13 желтоқсан
17:00 "Ақтөбе" – "Жетісу"
19:00 "Аят" – "Қайрат"
14 желтоқсан
17:00 1-жартылай финал
19:00 2-жартылай финал
15 желтоқсан
17:00 3-орын үшін
19:00 Финал