Вернуться к списку статей

УЕФА кубогы – «Қайрат» Румыния чемпионын жеңді

Футбол
1K
«Қайрат» (Қазақстан) – «Дева» (Румыния) – 5:2. Фото: afckairat.kz
«Қайрат» футзал клубы Испанияда УЕФА кубогының соңғы електік додасындағы бірінші ойынын өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

«Дева» УЕФА кубогының негізі кезеңінде 8-топта ойнап, Әзірбайжанның «Араз» клубын ұтқан болатан (6:3). Әрі осы квартетте бірінші орынға ие болған-ды. Румыния чемпионы осал команда емес екендігін, «Қайратпен» өткен матчта да дәлелдей білді.

Ойын басталған бетте «Дева» футзалшылары есеп ашып, «Қайратты» қайран қалдырды. Алайда көп ұзамай алматылықтар таразы басын теңестірді. Ал бірінші таймның аяғына қарай қақпашы Игита әдеттегідей алға шығып кетті де, алаңның орта тұсынан шірене теуіп, ала допты «Дева» қақпасының торында тулатты.

Екінші таймда «Қайрат» қарқынын үдетіп, қарсыласын үш рет қапы қалдырды. «Деваның» капитаны Мариус Матей тағы бір гол соғып, есепті қысқартты. Одан әріге Румыния клубының шамасы жетпеді. «Қайраттың» футзалшылары деңгейлерінің жоғары екендіктерін дәлелдеп, сенімді ақтады.

Бұл топтағы екінші ойында Испанияның әйгілі "Интері" Португалияның "Брага/ААУМ" клубын 7:0 есебімен ойсырата жеңді. "Қайрат" бүгін осы Португалия клубымен кездеседі. "Интермен" жексенбіде додаға түседі. Естеріңізге сала кетейік,  "Төртеу финалына" әр топтан бір команда ғана шығады.    

«Қайрат» (Қазақстан) – «Дева» (Румыния) – 5:2 (2:1)

Голдар: М.Матей, 1:16 (0:1). Лео, 6:49 (1:1). Игита, 15:14 (2:1). Тайеби, 21:37 (3:1). Лео, 31:55 (4:1). М.Матей, 33:35 (4:2). Тайеби, 34:07 (5:2).

Ескертулер: Тайнан, 26 – Такот, 32.

«Қайрат»: Игита, Тайнан, Сүлейменов, Лео, Дуглас, Жаманқұлов, Есенаманов, Першин, Дрот, Тайеби, Даниэль, Эдуардо, Алешандре, Дуду.

«Дева»: Тоница, Панзару, М.Матей, Паулу Ферейра, Ф.Матей, Игнат, Обадэ, Стойка, Такот, Чомо, Саву.

Төрешілер: Саша Томич (Хорватия), Паскаль Лемаль (Бельгия) 

23 қараша, Торрехон-де-Ардос, «Пабельон Хорхе Гарбахоса»

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 51 – 31
Тура соққы: 19 – 6
Қиыс кеткені: 11 – 12
Тойтарылғаны: 21 – 13
Қақпа бағанасы: 1 – 0
Бұрыштама соққылар: 6 – 8
Ескерту (сары қағаз): 1 – 1
Ереже бұзу: 6 – 5

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика