Вернуться к списку статей

Еліміздің ең үздік жас футболшысы анықталды

Футбол
2K
Еліміздің ең үздік жас футболшысы анықталды
Ел футболының ең үздік жас ойыншысы және маусым ашылуы анықталды. Екі номинация бойынша да «Тараздың» жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдинов жеңімпаз атанды.

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастырған сауалнамаға Премьер-лига клубтарының басшылары, бас бапкерлері мен команда капитандары қатысқан болатын. Үздік жас ойыншыны анықтауда респонденттер үш ойыншыдан атау керек болыпты. Бірінші орынға 3 ұпай, екіншіге 2 ұпай және үшінші орынға 1 ұпайдан беріліп отырды. Ал «Маусым ашылуы» номинациясын анықтауда респонденттер бір ойыншының есімін ғана атауы қажет болды.

Осылайша, елімізде 2017 жылдың ең үздік жас ойыншысы болып «Тараз» футбол клубының 19 жасар ойыншысы Бахтияр Зайнутдинов танылды. Екінші орынды 21 жастағы Максим Федин жеңіп алса, үздік үштікке оралдық Юрий Перцух енді.

Сондай-ақ, Зайнутдинов «Маусым ашылуы» номинациясында да үздік атанып, Перцух пен «қайраттық» 23 жасар жартылай қорғаушы Магомед Парагульговтан озып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша, бұған дейін үздік ойыншы номинациясы «Қайраттың» экс-шабуылшысы Жерар Гоуға бұйырып, «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов өткен маусымның ең үздік жаттықтырушысы атанған.

2017 жылдың ең үздік жас футболшысы

1. Бақтияр Зайнутдинов, «Тараз» (19 жас) – 49 бал

2. Максим Федин, «Окжетпес» (21 жас) –  31 балл

3. Юрий Перцух, «Ақжайық» (21 жас) – 30 балл

4. Дидар Жалмұқан, «Астана»/«Тобол» (21 жас) – 27 балл

5. Еркебұлан Сейдахмет, «Тараз» (17 жас) – 14 балл

«Маусым ашылуы» номинациясы

1. Бақтияр Зайнутдинов, «Тараз» – 16 дауыс

2. Юрий Перцух, «Ақжайық» – 6 дауыс

3. Магомед Парагульгов, «Қайрат» – 3 дауыс




Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика