Вернуться к списку статей

“Уэмблиде” гол соққан қазақ “Қайсардың” намысын қорғайтын болды

Футбол
2K
Жамбыл Көкеев
Жамбыл Көкеев «Қайсар» футбол клубының сапында ойнайтын болды. Бұл ақпаратты Қызылорда клубының ресми сайты таратты.

Жамбыл Көкеев 2015 жылдың аяғынан бері жасыл алаңнан көрінбей кеткен болатын. Соңғы рет «Қайрат» клубының сапында ойнады. Өткен маусымда біз оны ешбір клубтың құрамынан көре алмадық...

Жамбыл 2006 жылы «Астана» (бұрынғы «Жеңіс»), ал 2011 және 2012 жылдары «Шахтер» сапында үш рет Қазақстан чемпионы болған. 2010 жылы «Локомотив» (Астана), ал 2014 жылы «Қайрат» сапында ел кубогының иегері де атанды.

2006-2015 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы сапында 27 ойын өткізіп, екі гол соқан. Бірінші голын 2008 жылы 11 қазанда Лондондағы «Уэмбли» стадионында, 89 107 көрермен тамашалаған Англия – Қазақстан матчында соққан (бұл ойын 5:1 есебімен аяқталған).

«Қайсар» Жамбыл Көкеевпен арадағы еңбек келісімін жайлы жарытымды ештеңе жазбаған. Келісімшарт мерзімі де көрсетілмеген. Естеңізге сала кетейік, Көкеев Қызылорда клубының биылғы маусым аралығында құрамын толықтырып отырған – 14-ші футболшысы.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика