Қазақстан премьер-лигасының ХХХІІ турында «Атырау» өз алаңында «Таразды қабылдаған. Осы матчтың барысында жергілікті жанкүйерлер стадион трибунасында Қазақстан футбол федерациясына бағышталған үлкен баннерді керіп ұстап тұрды.
Бұл баннерде «ФФК Mafi’a $, Орын керек маған! Қанша керек саған?» деген сөздер жазылған және АҚШ долларының белгісі салынған еді. Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті кезекті отырысын өткізіп, күн тәртібінде осы мәселені де қараған.
Әрі «Атырау» футбол клубына 200 000 мың теңге көлемінде айыппұл салыпты. Мұны «стадионда жанкүйерлердің қорлау сипатындағы көрнекі үгіт-насихат құралын көпшілік алдында жария еткендері үшін» деп түсіндірген.