Вернуться к списку статей

Иво Иличевич – «Қайраттың» жаңа ойыншысы

Футбол
1K
«Қайрат» футбол клубы жаңа ойыншысы – хорват Иво Иличевич. Фото: fckairat.com
Алматының «Қайраты» Хорватия жартылай қорғаушысы Иво Иличевичпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді.

«Қайрат» футбол клубы хорват қыраны Иво Иличевичпен келісімшартқа отырыпты. Клубтың ресми сайтының мәлімдеуінше, 30 жастағы жартылай қорғаушымен еңбек келісіміне 2+1 жүйесінде қол қойылған.

Иво Иличевич 1986 жылы 14 қараша күні дүниеге келген. Бойы – 174 см, салмағы – 63 келі. Жасыл алаңдағы карьерасын немістің Ашаффенбург қаласындағы «Виктория» клубының жастар мектебінде бастаған.

2005 жылы «Дармштадт-98» командасына ауысқан. 2006 жылдан бастап бундеслигадағы «Бохум» клубының намысын қорғайды. Кейіннен «Гройтер» (2008-2009 жж) клубына жалға беріліп, «Кайзерслаутерн» сапында да өнер көрсетеді (2009-2011 жж).

2011 жылы «Гамбург» клубына ауысып, бес жыл осы команданың сапында ойнайды. Келісімшартының мерзімі түгесілген соң, яғни 2016 жылы еркін агент ретінде Ресейдің «Анжи» клубына ойысады. Енді қазақ додасында доп тебетін болып отыр.

Иво Иличевич Хорватияның жастар құрамасы сапында 11 ойын өткізіп, бес гол соққан (2007-2008 жж). Ал өз елінің ұлттық құрамасы сапында небәрі сегіз рет алаңға шығып, бір доп соққан екен (2010-2013 жж).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика