Вернуться к списку статей

FIFA мен ҚФФ «Таразды» алты ұпайынан айырды

Футбол
2K
Қазақстан футболында тағы да бір клуб маңдай терімен жиған ұпайынан айырылды. Бұл жолы «Тараз» жазаға тартылып отыр.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өзінің ресми сайта арқылы мәлімдеме жасап, «FIFA тәртіп комитетінің шешімін орындау негізінде Қазақстан футбол федерациясынан түскен өтінімді жүзеге асырып, «Тараз» клубының алты ұпайы алып тасталғанын» хабарлады.

ҚФФ өтінішіне сәйкес, FIFA тәртіп комитеті Обиора Одитаға қарызын өтеу туралы шешімін орындамағаны үшін "Тараз" футбол клубын алты ұпайдан айырып отыр.

Осыған байланысты, еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы 2017 жылғы премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың турнирлік кестесіне өзгертулер енгізген.

(Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы сайтынан)


* Ескерту: «Атыраудан» 3 (үш), ал «Тараздан» 6 (алты) ұпай шегерілді

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика