Вернуться к списку статей

Болгария жастарымен кездесетін Қазақстан жастарының тізімі

Футбол
1K
Қазақстан жастар құрамасы, 2017 жыл, қыркүйек. Фото: kff.kz
Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Болгария-U21 құрамасымен екі рет кездеседі.

Қазан айынның басында Қазақстан-U21 құрамасы Болгария жастарымен екі рет кездеседі. Екеуі де – 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасы аясындағы матчтар. Ойындар күнтізбесі осылай түзіліпті...  

Әуелі, нақтырақ айтқанда, 6 қазан күні Болгарияның Старо-Загора қаласындағы «Трейс Арена» стадионында додаға түседі. Матч Астана уақытымен 21:30-да басталады. Төрт күннен кейін, яғни 10 қазанда Астанада қабылдайды. «Астана Арена» стадионында өтетін ойынның ысқырығы 19:00-де безілдейді.

Осыған орай, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Владимир Никитенко 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті ойындарға төмендегі футболшыларды шақыртыпты. Бұл тізімді бүгін Қазақстан футбол футбол федерациясының ресми сайты жариялады:

қақпашылар Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»), Дмитрий Колбунцов («Жетісу»), Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»);

қорғаушылар Дәурен Мәжитов («Атырау»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), Айбол Әбікен, Ескендір Қыбырай, Александр Соколенко (барлығы да – «Қайрат»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»);

жартылай қорғаушылар – Дидар Жалмұқан («Тобыл»), Қуаныш Қалмұратов («Атырау»), Демият Сламбеков («Жетісу»), Бактиер Зайнутдинов («Тараз»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Юрий Перцух («Ақжайық»), Рамазан Оразов, Рашид Люхай (екеуі де – «Қайрат»);

шабуылшылар Еркебұлан Сейідахмет («Тараз»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Максим Федин («Оқжетпес»), Самат Сәрсенов, Акмаль Бақтияров (екеуі де - «Қайрат»);

Қосалқы құрам тізімі:

қақпашы – Игорь Трофимец («Ақтөбе»);

қорғаушылар – Айбол Жақаев («Қайсар»), Әлібек Қасым («Қайрат»), Максим Чалкин («Рузаевка»);

жартылай қорғаушылар – Әділет Әбденәби («Жетісу»), Иван Антипов («Ақжайық»), Артем Попов («Ертіс»),

шабуылшылар – Темірлан Әміров (ОРБЖСМ №7),  Артем Шушеначев («Қайрат»).

Жаттықтырушылар құрамы:

Владимир Никитенко – аға жаттықтырушы,
Юрий Коньков – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика