Вернуться к списку статей

Жаңа бапкер ақпанда жаттығу жиынын өткізеді

Футбол
2K
Футзалдан Қазақстан құрамасы. Фото: afrk.kz
Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Жозе Алесио Да Силва ақпанның басында футзалшы жігіттерімізді Алматыға жинап, алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Қазақстан футзал қауымдастығының мәлімдеуінше, жаттығу жиыны ақпанның 1-інен 9-ына дейін Алатау бөктерінде өтеді екен. Ал 6 және 8 ақпан күндері Беларусь құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізу жоспарланыпты.

Осыған орай, Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Жозе Алесио Да Силва оқу-жаттығу жиынына шақыртылатын 16 футзалшының тізімін жариялаған. Өзгерістер де жоқ емес. Әр түрлі себептермен алдағы жиынға қатыса алмайтын ойыншылардың орындарына шақыртылып отырған жігіттер де бар.

Атап айтқанда, Дәурен Нұрғожин, Николай Пенгрин және Илья Мун үшеуі жарақаттарына байланысты 2017 жылғы алғашқы жиынға қатыса алмайды. Ал қазір Португалияның «Спортинг» клубы сапында ойнайтын Лео ресми ойындар өткізетін болғандықтан Алматыға келмейтін болыпты.

Осы төртеуінің орындарына құрама сапына алғаш рет «Ақтөбеден» Ринат Төреғазин мен Альберт Ақбалықов, «Жетісудан» Біржан Оразов, және «Аяттан» Олег Солуменко шақыртылып отыр. 

Қазақстан құрамасы:

қақпашылар

Григорий Шамро («Ақтөбе», құрама сапында өткізген ойыны – 45),

Игита («Қайрат», 33 ойын/4 гол соқты),

Александр Гуров («Жетісу», 7);

алаңдағы ойыншылар

Дінмұхамбет Сүлейменов («Қайрат», 68/12),

Александр Довгань («Жетісу», 52/10),

Михаил Першин («Қайрат», 52/10),

Шыңғыс Есенаманов («Қайрат», 44/16),

Павел Таку («Ақтөбе», 40/12),

Серік Жаманқұлов («Қайрат», 39/15),

Дуглас («Қайрат», 25/24),

Арнольд Кнауб («Жетысу», 19/4),

Антон Рындин («Аят», 2),

Біржан Оразов («Жетісу», 0),

Ринат Төреғазин («Ақтөбе», 0),

Альберт Ақбалықов («Ақтөбе», 0),

Олег Солуменко («Аят», 0).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика