Вернуться к списку статей

Қазақстан құрамасы Африканың қола жүлдегерін жеңді

Футбол
1K
Фото: afrk.kz
Футзалдан Таиландта өтіп жатқан халықаралық «Король кубогы» турнирінде Қазақстан құрамасы Мозамбик футзалшыларынан басым түсті.

Таиландта өтіп жатқан халықаралық турнирдің соңғы матчына Қазақстан құрамасы ең үздік ойыншыларын шығара алмады. Үш ойыншымыз жарақаттанып қалыпты. Олардың бірі – команданың көшбасшысы, ойын өрнегін үйлестірушісі Дуглас. Сондай-ақ Дәурен Нұрғожин мен Арнольд Кнауб та қатардан шығып қалған...

Шыңғыс Есенаманов пен Леоның жарақаттарына байланысты Таиландқа бара алмағанын ескерсек, бұл екеуіне тағы үш ойыншымыздың қосылып, ұлттық құрамамыз Мозамбикке қарсы ең үздік ойыншыларының көбісін шығара алмады.

Есесіне, ұлттық құрама сапына кейіннен қосылған ойыншыларға мүмкіндік берілді. Олар сенімда ақтады деуге болады. Бірінші таймда екі гол соғып алға шықты. Ал матчтың екінші жартысында африкалықтар да қалыспай біздің жігіттердің екі голына тура сонша доппен жауап берді.

Сөйтіп, 4:2 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Қазір Аргентина және Таиланд құрамалары ойнап жатыр. Егер екеуі тең түссе, онда біздің футзалшыларымыз «Король кубогы» турнирінің жеңімпазы атанады. Ал оңтүстікамерикалықтар кез келген есеппен жеңіске жетсе, онда бізге екінші орын бұйырады.

Таиланд. Халықаралық турнир, «Король кубогы».

Бірінші күн

Таиланд – Мозамбик – 6:3

Қазақстан – Аргентина – 0:0

Екінші күн

Аргентина – Мозамбик – 9:1

Қазақстан – Таиланд – 2:1

Төртінші күн

Қазақстан – Мозамбик – 4:2

Голдар: Ақбалықов, 1 (1:0). 39,  Оразов, 13 (2:0). Пенгрин, 24 (3:0). Джуниор Марио, 27 (3:1). Ақбалықов, 39 (4:1). Жозе Да Силва, 39 (4:2).

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика